Астанада Кенесары хан сарбаздарының рухына құран бағышталады

Фотография - Астанада Кенесары хан сарбаздарының рухына құран бағышталады

Ертең, 9 мамыр күні Кенесары ханның Ақмола бекінісін алғанына 175 жыл толуына орай Астана мұсылмандар зираттығында азаттық жолында шейіт болған жауынгерлер рухына арнап құран бағышталады.

298 0

Ертең, 9 мамыр күні Кенесары ханның Ақмола бекінісін алғанына 175 жыл толуына орай Астана мұсылмандар зираттығында азаттық жолында шейіт болған жауынгерлер рухына арнап құран бағышталады.

«9 мамыр күні сағат 11.00-де «Жас азамат» жастар ұйымының ұйытқы болуымен Кенесары ханның Ақмола бекінісін алғанына 175 жыл толуына орай Астана мұсылмандар зираттығында азаттық жолында шейіт болған жауынгерлер рухына арнап құран  бағышталады», деп хабарлады жастар ұйымы өкілдері.

Кенесарының Ақмола бекінісін алғанына биыл 175 жыл толып отыр.

1837 жылы Патшалық отаршылдықтың езгісі мен бұғауынан азат басын құл қылмау жолында атқа мінген Кенесары хан бастаған топ хорунжий Рытовтың отрядын жеңеді. Іле 1838 жылы Батыс Сібір генерал-губернаторына өз шартын қойып, арнайы хат жолдайды. Онда Ақтау бекінісі мен Ақмола приказын жоюды, Омбыдағы тұтқында отырған өз қандастарын босатуды батыл талап етеді. Кенесары ханның бұл әділ талабын тойтарған губернаторға Кенесары хан жауап ретінде старшина Симоновтың әскери жасақтарына шабуылдап, қару-жарақ пен оқ-дәріге қол жеткізеді. Кейін Ақмола бекінісін 6 күн қоршауда ұстап, шабуылға шығады. Кенесарының даңқты жауынгерінің бірі Басықара бекіністің ішкі жағасынa баса-көктеп кіріп барып, сұрапыл ұрыс салды. Ол осы шайқаста ерлікпен қаза тапты. Кенесары көтерілісіндегі ірі жеңіс саналатын бұл шайқаста қазақ батырларынан 200-ге жуық сарбаз шейіт болды. Олардың барлығы да қазіргі Астана қаласының мұсылмандар зираттығында жатыр. Алайда ел егемендігі мен ұлт тәуелсіздігі жолында опат болған сарбаздардың бұл ерлігі тарих таразысынан әділ бағасын әлі де толық ала алмай келеді. Елордадағы бұл қабірстанда кімдер жатқанын  көзіқарақты зиялы қауым болмаса, жастар жағы тіптен біле бермейді.

«Сол себепті «Жас азамат» жастар ұйымы бас болып, бұл тарихи күнді атап өтуді, ел тәуелсіздігі жолында ерлікпен қаза тапқан сарбаздардың рухына тағзым жасауды қолға алып отыр. Іс-шараның басты мақсаты – ескерусіз қалып жатқан елеулі жеңістерімізге қоғам назарын аудару. Ұлт бостандығы, ел теңдігі үшін жан аямай күрескен халық батырларын дәріптеу. Сол арқылы бүгінгі жастарға, жаңа ұрпаққа отаншылдық сезім мен патриотизмның ұлттық үлгісін дәріптеу», дейді жастар.    

Шараға «Жас азамат» жастар ұйымының мүшелері, қоғам және мәдениет қайраткерлері, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері, сондай-ақ, ұлтын сүйген азаматтар қатысады деп күтілуде. 


Тегтер:

Тарих

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!