«Сұрапыл соғысты бастаған кім?» - БАҚ-қа шолу

Фотография - «Сұрапыл соғысты бастаған кім?» - БАҚ-қа шолу

Қазақстанда Мемлекет басшысының бастамасы бойынша биылдан бастап 7 мамыр Отан қорғаушы күні ретінде ресми аталып өтеді.

234 0

Қазақстанда Мемлекет басшысының бастамасы бойынша биылдан бастап 7 мамыр Отан қорғаушы күні ретінде ресми аталып өтеді. Бұл күні 1992 жылы Қазақстан Республикасының Президенті - Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Н.Ә. Назарбаев Қазақстанның Қарулы Күштерін құру туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл оқиғаның үлкен қоғамдық-саяси мағынаға ие екендігі белгілі. Қарулы Күштер қатарында қызмет ету - әрбір қазақстандықтың құрметті міндеті. Ал Отан қорғаушы күніне мемлекеттік мәртебе беру - қазақстандық патриотизмді қалыптастыру үшін керек қадам десек, алғаш өткізілген жауынгерлік шерудің айбынымызды асырған мәні зор оқиға болғаны анық. «Егемен Қазақстан» газетінің бүгінгі санында қазақстандықтардың алғашқы жауынгерлік шеруден алған әсерлері «Мықты армия - мықты Қазақстан» деген тақырып аясында топтастырылып беріліп отыр.

 

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің жетекшілігімен өткен кешегі жалпы отырыста депутаттар жаңартылатын энергия көздерін пайдалану, кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құнын айқындау, сот-сараптама қызметі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру және әуе тасымалына қатысты заң жобаларын қарастырды. Осы алқалы жиын арқау болған мақала «Егемен Қазақстан» газетінің бейсенбілік санында «Жаңартылатын энергияға жаңа көзқарас қажет» деген тақырыппен берілген. Басылымның жазуынша, жаңартылатын энергия көздерінің нысанын салуға жер учаскесі ерекше жағдайда бөлінетінін баяндамашы - Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров ерекше атаған. «Министр осы ретте жаңартылатын энергия көздерінің бірнеше жобаларын салу негізінен жер учаскелерін осы мақсатта пайдалануға рұқсат алудың қиындығына байланысты жүзеге аспай жатқандығына қынжылыс білдірді», - деп жазады басылым.

***

Биыл Ұлы Жеңіске 68 жыл толып отыр. Әрине, 60 миллионға тарта адамның басын жұтқан қандықасап соғыс жайында ол ғарасат майданын көрмеген бүгінгі ұрпақтың сөз қозғауы қиындау. Бірақ кешегі КСРО-ның құрамында болған халық Ұлы Отан соғысы деп атайтын, ал әлем жұртшылығы екінші дүниежүзілік соғыс (алпысқа тарта мемлекет тікелей және жанамалай қатысқан) деп атайтын, жалпақ жаһанды табанына салып жаншығысы келген фашизмге қарсы жиһад, бастан-аяқ хатталып, тасқа басылып, мұрағаттарда сақталып қойылған. Сондықтан «Айқын» газеті 1941-45-жылдар арасында болып өткен сол қанды қырғынның кейбір ақтаңдақтары жайында сөз етеді. Мақала «Сұрапыл соғысты бастаған кім?» деген тақырыппен берілген.

«Көптеген спорт түрлері бойынша «қазағы кем жағдайға» тап болып отырғанымыз жасырын емес. Осы әңгіменің тілге тиек болып келе жатқанына талай жылдың жүзі болды. Иә, кезінде КСРО-ның солақай саясаты салдарынан зардап шектік. Қазақ жастары шеттетіліп келгені рас. Ал қазір Тәуелсіздіктің таңы атты. Еліміз егемендік алғалы 20 жылдан астам уақыт өтті. Бірақ ол олқылықтың орны әлі түзелмей келеді. Осыған байланысты баспасөз беттерінде көпшілікке ой салатындай көптеген көлемді мақалалар жарық көрді. Десек те «баяғы жартас - сол жартас» күйінде»,-  деп жазады «Айқын» газеті бүгінгі санындағы «Зілтемір көтерген қазақтар» деген тақырыптағы мақаласында. Сонымен қатар басылым қазіргі таңда әлемдік додада топ жарып жүрген қазақ саңлақтары жайында сөз қозғайды. «Міне, отандық ауыр атлетиканың жай-күйі осындай. Қазақ жастары темірдің «тілін» тауып, байрақты бәсекелерде олжа сала бастады. Жуырда даңқты Энвер Түркілеримен сұхбаттасқанымызда «Мен де қазақ зілтеміршілерінің бірін Олимпиада ойындарында атой салатындай дәрежеге жеткізуді армандаймын. Ол күн алыс емес», - деп ағынан жарылған еді. Әйгілі бапкер бекер сөйлемейді. Олай болса, сол күнді көруге жазсын»,  деп жазады басылым.


Тегтер:

соғыс

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!