Батыс Қазақстан: Ұлы Жеңістің 68 жылдығына арналған шаралар жалғасуда

Фотография - Батыс Қазақстан: Ұлы Жеңістің 68 жылдығына арналған шаралар жалғасуда

 9 мамыр күні Орал қаласында Ұлы Жеңістің 68 жылдығы мерекесі ерекше салтанатпен аталып өтілді.

211 0

 9 мамыр күні Орал қаласында Ұлы Жеңістің 68 жылдығы мерекесі ерекше салтанатпен аталып өтілді.

Мейрам Кеңес Одағының Батырлары Темір Масин, Георгий Жуков, Мәншүк Мәметова ескерткіштеріне, сондай-ақ бауырластар зиратына, «Ол күндердің даңқы өшпейді» белгісіне гүл шоқтарын қоюмен басталды.

Жеңіс алаңында мерекеге жиналғандарды облыс әкімі Нұрлан Ноғаев құттықтап, Ұлы Жеңіске халқымыздың өжеттігі мен бірлігі арқасында қол жеткенін, тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің өркендеуі сол Жеңістің жалғасы екендігін атап өтті.

Батыс Қазақстан соғыс отына шарпылып, жау бомбасынан орасан зардап шеккен аймақ екені мәлім. Сталинград майданының тылы болған облыстың Орда, Жәнібек  аудандары соғыс жағдайында деп жарияланса, Орал қаласына қорғаныс мақсатындағы зауыттар көшіріліп, әскери госпитальдар орналастырылды. Қан майданға Батыс Қазақстан өңірінен 76 мыңнан астам сарбаз аттанды. 40 жауынгер Кеңес Одағының Батыры атанды, алтауы Даңқ орденінің толық иегері болды. 36547 боздаққа туған елден бір уыс топырақ бұйырмады. Арада алпыс сегіз жыл өтсе де, соғыстың беймәлім беттері ашылуда. Мәселен, өткен жылы қаратөбелік жауынгер Баянқожа Қабашевтің сүйегі бауырлас Украина жерінен әкелініп, қайта жерленді. Биыл Жеңістің 68 жылдығы қарсаңында Батыс Қазақстаннан тағы бір батыр Абдулла Шагиевтің шыққаны анықталып отыр. Сөйтіп Кеңес Одағы Батырларының саны 41-ге жетті. Жеңіс жолында құрбан болған жауынгерлердің рухына тағзым етіп, көзі тірі майдангерлерге құрмет көрсету - парыз. Сонымен бірге елде аянбай еңбек еткен тыл еңбеккерлерін де ұмытуға болмайды.

Жеңіс алаңындағы Мәңгілік алауға да гүл шоқтары қойылды. Бұл алаңда Батыс Қазақстаннан шыққан Кеңес Одағы Батырлары мен Даңқ ордені толық иегерлерінің барельефтегі сурет-мүсіндерімен қатар Ұлы Отан соғысынан оралмаған боздақтардың аты-жөндері ойылып жазылған.

9 мамыр күні сондай-ақ қалалық мәдениет және демалыс саябағында «Жауынгер ботқасы» шарасы өткізіліп, ардагерлерге құрмет көрсетілсе, кешкісін Абай алаңында концерттік бағдарлама мерекелік отшашуға ұласады.


Тегтер:

Қазақстан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!