Қарағандының «Мәңгілік алау» мемориалында Жеңіс күніне арналған митинг өтті

Фотография - Қарағандының «Мәңгілік алау» мемориалында Жеңіс күніне арналған митинг өтті

Қарағандыда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 68 жылдығына арналған мерекелік бағдарлама салтанатты митингпен ашылды.

238 0

Қарағандыда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 68 жылдығына арналған мерекелік бағдарлама салтанатты митингпен ашылды.

Сұрапыл соғыс жылдарында қаза болған жауынгерлерге тағзым етіп, бүгінгі күні көзі тірі ардагерлерге құрмет көрсету үшін жүздеген қарағандылық таңертеңнен мемориалға жиналды.

«Біздің өмірімізде сол заманнан бері талай нәрсе өзгерді. Бірақ өздерінің, біздің болашағымыз үшін шайқасқан аталарымызға деген шексіз алғысымыз сол күйінде қала бермек. Біздің жадымыз да өзгеріссіз қалады», - деді Қарағанды облысының әкімі Бауыржан Әбдішев.

«Ұлы Отан соғысы жылдарында 47 мыңнан астам қарағандылық соғысқа аттанды және олардың жартысынан көбі қан майданнан оралмады», - деп атап өтті ол.

Ұлы Отан соғысында қаза болған жауынгерлер рухына бір минут үнсіздікпен тағзым етілді. Қарағанды гарнизонының әскери қызметшілері шерулік маршпен ардагерлерге құрмет көрсетті.

Митинг аяқталысымен салтанатты шаралар Жеңіс саябағында жалғасын тапты. Мұнда келушілер мерекелік концерт тамашалап, жауынгерлік ботқадан дәм тата алады.

Облыстық ардагерлер кеңесінің мәліметтеріне сәйкес, Қарағанды облысында бүгінде Ұлы Отан соғысының 551 қатысушысы қалды. Бір жыл ішінде 189 майдангер өмірден өтті.


Тегтер:

қарағанды

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!