Қызылордада 12 жыл жарықсыз отырған саяжайларға электр желісі тартылды

Фотография - Қызылордада 12 жыл жарықсыз отырған саяжайларға электр желісі тартылды

Жеңіс мерекесі қарсаңында 12 жылдан бері жарықсыз отырған саяжайларға электр желісі тартылып, жарық жеткізілді. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

691 0

Жеңіс мерекесі қарсаңында 12 жылдан бері жарықсыз отырған саяжайларға электр желісі тартылып, жарық жеткізілді. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұдан бірқатар уақыт бұрын облыс орталығы іргесіндегі «Теплоснабженец», «Домостроитель», «Бумажник», «Весна» деп аталатын саяжайлардың тұрғындары облыс әкімі Қырымбек Көшербаевқа хат жолдап, онда өздерінің көп жылдардан бері электр жарығынсыз қалып отырғандарын айтып, осы мәселені оңды шешіп беруге ықпал етуін сұраған еді. 

Бұған 2000 жылы саяжайлар аймағында электр сымдары, бағаналары жаппай қолды болып, қуат жабдықтары ұрлануы себеп болыпты. Тұрғындар бірнеше мәрте бірлесіп, қаржы жинап, желіні қалпына келтіруге әрекеттенгенімен, еш нәтиже шықпаған.

Саяжай тұрғындарының осы көкейкесті мәселесін назарға алған аймақ басшысы облыс бюджетінен қаржы бөлгізуге шешім қабылдады. Соның нәтижесінде, Талсуат саяжайынан 10,36 км электр желісі, «Домостроитель» саяжайына ұзындығы 3,5 км электр желісі, «Бумажник» саяжайына ұзындығы 4,84 км электр желісі, «Теплоснабженец» саяжайына ұзындығы 4 км электр желісі, «Весна» саяжайына ұзындығы 1,0 км электр желісі тартылып,жаңа бағаналар қойылып, трансформаторлық қондырғылар орнатылды. Сөйтіп, барлық саяжайдағы үйлер электр қуатымен толық қамтылды.

Саяжай иелерімен кездесуге облыс басшысы Қырымбек Көшербаев арнайы барып, оң өзгерісті көзбен көріп қайтты. Тұрғындар өңір басшысының қолғабысына разы болып, алғыстарын жеткізді.


Тегтер:

Қазақстан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!