Жаңақалалық жауынгер Қ.Жұмалиевтің жерленген орны 68 жылдан кейін табылды - БҚО

Фотография - Жаңақалалық жауынгер Қ.Жұмалиевтің жерленген орны 68 жылдан кейін табылды - БҚО

Жаңақала ауданынан ел қорғауға аттанған Қабдол Жұмалиевтің жерленген орны 68 жылдан кейін табылды.

175 0

Жаңақала ауданынан ел қорғауға аттанған Қабдол Жұмалиевтің жерленген орны 68 жылдан кейін табылды.

Соғыс және еңбек ардагері, Қазақстанның құрметті журналисі Мәжит Жадановтың айтуынша, Атырау облысында тұрған Жұмалиевтер отбасы аштық зұлматына ұшырап, ата-анасынан бірдей айрылған Мақсот, Қабдол, Тәкес есімді ағайындылар жетім қалды. Туыстары бауырларын қамқорлығына алып, Астрахан облысына қо­ныс аударды. Сөйтіп, оларға ата-анасын жоқ­татпай өсірудің қам-қа­рекетін жасады. Содан олар 1939 жылы Жаңа­қала ауданына қоныс аударып, қалың қазақ­тың ортасына енді. Ту­ыс­тарының ұлағатты тәр­биесіне бөленді, оқып, білім алды, есейіп ержетті. Олардың үл­ке­ні Мақсот әскери комиссариатта әкімшілік-шаруашылық бөлімнің меңгерушісі болып қыз­мет істесе, Қабдол­ жасы келген соң Ұлы Отан соғысына аттанды.

Ал мектеп қабырғасынан шыққан Тәкес те есейіп, маман­дық алып, ұзақ жыл есеп қыз­ме­тін атқарды. Тәкес ауылдың бойжеткені Меңдіғаныммен бас қосып, отбасын құрды. Тәкес пен Меңдіғаным отбасында алты ұл, бір қыз өсіріп, қалаған мамандығын алуына, отбасын құрып, үйлі-баранды болуына қамқорлығын жасап бақты. Қазір Тәкес те, Мендіғаным да жоқ. Перзенттері ұрпақ өсіріп, әр салада жемісті еңбек етуде.

Әскери комиссариаттың мұ­рағаты негізінде 1941-1945 жыл­дары Ұлы Отан соғысында қа­за тапқандар мен хабарсыз кеткен жауынгерлер туралы "Боз­дақтар" кітабының шыққаны баршаға аян. "Боздақтар" кітабында: "Жұмалиев Қабдол 1925 жылы туған. Жаңақала әске­ри комиссариаты арқылы 1943 жылдың қыркүйегінде әскерге шақырылған. Қатардағы жауынгер 1945 жылы сәуірде қаза тапты. Германия, Дребен елді мекенінде жерленді» делінген. Осы деректі оқыған Тәкестің тұңғы­шы Серік Тәкесұлы ағасының жерленген жерін анықтауды мақсат тұтып, ізденіске кірісті.

Ол алдымен ағасының қай­да жерленгенін білу үшін Қазақ­станның Германиядағы елшісі Нұрлан Онжановқа жүгінді. Бі­рақ елшіден нақты жауап ала алмады. Кейін ол ағасының қай жерде жерленгенін анықтау үшін Германияның Қазақстандағы бас консулына өтініш жасады. Бас консул: "www.obd-memoril.ru мәліметі бойынша Жұмалиев Қабдол 1945 жылдың 28 сәуірінде қаза тапты. Ол Дребенге қатарлас жерде немесе Бүркіде, болмаса Колотвостерде немесе Дрез­ден қаласына іргелес Сак­сонияның Баутценінде жер­ленген болу керек" деп хабарлады.

Мәселенің түйінін "Караван" газетінің Германиядағы тілші­сі Сергей Золовкин шешіп берді. Ол 1945 жылдың сәуір айы­ның соңғы күнде­рінде бүкіл Еуропаны дүр сілкіндірген, Баутцен қаласының іргесінде қарсыластардың арасында жан­түршігерлік танк шайқа­сы­ның болғандығын жазыпты. Сонда Қабдол Жұмалиевтің қаза тапқанын және оның қа­ла іргесіндегі Кеңес жауынгер­ле­рінің бауырластар қорымы­на жерленгендігін айта келіп, жаңақалалық жауынгерге ескерткіш қойыл­ғандығын анықтап, оны суретке түсіріп беріпті.

Енді Жұмалиевтер отбасы ту­ған жердің топыра­ғын алып, Гер­мания­ның Баутцен қала­­сындағы ағасының ес­керткі­шін көріп, тағзым етіп қайтпақшы.


Тегтер:

қазақ

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!