Оралда медбикелер аллеясы ашылды

Фотография - Оралда медбикелер аллеясы ашылды

 Бүгінде Батыс Қазақстан облысында 5 мыңнан астам орта буынды медицина саласының қызметкері еңбек етуде.

207 0

Оралдағы облыстық клиникалық аурухана қызметкерлері 12 мамыр Халықаралық медбикелер күні қарсаңында өздері жұмыс істейтін медицина мекемесінің ауласына ағаш көшеттерін отырғызып, сала ардагерлеріне сый-сыяпат жасады. 

Кәсіби мерекелерімен құттықтады. Бүгінде Батыс Қазақстан облысында 5 мыңнан астам орта буынды медицина саласының қызметкері еңбек етуде. «Біз жыл сайын кәсіби мерекемізді өткен жылғы шараларға ұқсамайтындай етіп, ерекше атап өтеміз»,-дейді Оралдағы облыстық клиникалық аурухана медбикелері.

Жеміс ДҮЙСЕНОВА, жоғарғы санатты аға медбике:

- Талай шара өткізгенбіз. Былтыр да біздер осындай уақытта жоғарғы санатты 40 медбике бірігіп, балалар үйіне 3 компьютер алып бергенбіз. Биыл енді осы 40 аға медбике ағаш егіп жатыр. Жылма-жыл осылай өзіміздің төл мерекемізді жақсылап атап өтуге тырысамыз. Мерекемен Қазақстанның бүкіл орта буынды медбикелерінің бәрін құттықтаймын!


Тегтер:

аурухана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!