Бірінші тоқсанда төтенше жағдайлар салдарынан мерт болғандар саны 38,3 пайызға төмендеді - ТЖМ

Фотография - Бірінші тоқсанда төтенше жағдайлар салдарынан мерт болғандар саны 38,3 пайызға төмендеді - ТЖМ

 Ағымдағы ж дың бірінші тоқсанында еліміздегі төтенше жағдайлардан қаза тапқандар саны 38,3 пайызға төмендеді.

311 0

  Ағымдағы ж дың бірінші тоқсанында еліміздегі төтенше жағдайлардан қаза тапқандар саны 38,3 пайызға төмендеді.

  Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісіндегі Үкімет сағатында Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко мәлім етті.

Сонымен бірге, ағымдағы жыл басынан бері төтенше жағдайлар саны 29,3 пайызға, олардан келетін материалдық залал көрсеткіші 33,2 пайызға төмендеген.

«Наурыз айында «Көктем-2013» республикалық оқу-жаттығу шеңберінде шұғыл ден қою күштері мен құралдарының әзірлігі тексерілді. Министрліктің барлық бөлімшелері тұрақты даярлыққа келтірілді, қойылған міндеттерді орындауға 2444 адамнан, 440 бірлік техникадан, 67 бірлік жүзу құралынан,  3 тікұшақтан тұратын ұтқыр құтқару тобы дайындалды. Ықтимал су басу учаскелеріне тұрақты мониторинг жүргізіліп, 759 гидротехника құрылысының жай күйі тексерілді», дейді В. Божко.

Оның айтуынша, бұдан бөлек 129 шақырым бөген нығайтылған. 42,3 шақырым өзен арнасы тереңдетіліп, өзендердің  қауіпті учаскелерінде 50 рет жарылыс жұмыстары атқарылған. Сонымен қатар, биыл қалалар мен елді мекендерден 7,5 миллион текше метр қар шығарылған. 


Тегтер:

статистика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!