«Көксарай» су реттегіші төрт жыл бойы тұрғындарды Сырдария тасқынынан қорғап келеді - ТЖМ

Фотография - «Көксарай» су реттегіші төрт жыл бойы тұрғындарды Сырдария тасқынынан қорғап келеді - ТЖМ

 «Көксарай» су реттегішінің арқасында  төрт жыл бойы Сырдария бассейні тасқыннан қорғалып келеді.

295 0

 «Көксарай» су реттегішінің арқасында  төрт жыл бойы Сырдария бассейні тасқыннан қорғалып келеді.

  Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісіндегі Үкімет сағатында Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко мәлім етті.

«Су реттегішінің арқасында 2010-2013 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарының ауыл шаруашылығы жұмыстарында пайдаланылатын 9 млрд. текше метр су жиналды. Дер кезінде қабылданған шаралар ауқымды су басу мен елеулі залал келтірудің алдын алды, оның орын алу мүмкіндігін болдырмады», дейді министр В. Божко.

Министрдің мәліметіне қарағанда, Елбасының тапсырмасын орындау мақсатында мемлекеттік органдар арасында көктемгі тасқын кезеңіне дайындық бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілген. Оның ішінде облыстардың, Астана және Алматы қалаларының мәслихаттары тасқынға қарсы іс-шараларды жүргізу үшін 14,5 млрд. теңге бөлді. Ал Үкімет резервінен Шығыс Қазақстан облысына тасқынға қарсы күрес үшін 543 млн. теңге қарастырылған. 


Тегтер:

Қазақстан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!