Алматының тау шатқалдарындағы көлдердің қауіптілік деңгейі төмендеді

Фотография - Алматының тау шатқалдарындағы көлдердің қауіптілік деңгейі төмендеді

Алматының тау шатқалдарындағы көлдердің қауіптілік деңгейі төмендеді.

187 0

Алматының тау шатқалдарындағы көлдердің қауіптілік деңгейі төмендеді.

Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко осылай мәлім етті.

Алматы қаласындағы тау шатқалдарында орналасқан 13-і және 6-ы нөмірлі көлдердің тасуына қатысты инженерлік қауіпсіздік шаралары атқарылған. «Бір кездері осы көлдерге қатысты ақпараттар үлкен қоғамдық пікір тудырған болатын. Осыған қатысты айтарым, нақты инженерлік-қорғаныстық іс-шаралар жүзеге асты. Біздің ойымызша, Алматыдағы 6-шы нөмірлі көлден келетін қауіптің беті қайтты», - деді министр.

Сонымен қатар, В. Божко Қорғас өзеніндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты кешенді шаралар атқарылып жатқанын да мәлімдеді. «Біз шекара өтіндегі Қорғас өзені бойынша ауқымды шаралар атқарудамыз. Үлкен көліктік-сауда инфрақұрылымы орналасқан осы аймақта біз былтыр 4 мың шақырым биіктіктегі өзеннен шамамен 4 млн. текше метр мұздақты тау суы жинақталғанын анықтадық. Әлбетте, бұл өңірге айтарлықтай қауіп келтіреді. Осыған орай, арнайы шараларды қолға алдық. Нәтижесінде бұнда да су басу қаупі әзірше жоқ», - деді министр. 


Тегтер:

Алматы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!