ТЖМ шағын және орта бизнеске жүргізілетін тексеруді азайтпақ

Фотография - ТЖМ шағын және орта бизнеске жүргізілетін тексеруді азайтпақ

Төтенше жағдайлар министрлігі ескертусіз жұмыс жасаған шағын және орта бизнес субъектілеріне жүргізілетін тексерістерді азайтады.

170 0

Төтенше жағдайлар министрлігі ескертусіз жұмыс жасаған шағын және орта бизнес субъектілеріне жүргізілетін тексерістерді азайтады.

Бүгін Парламент Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко осылай мәлім етті.

Министрлік мәліметтеріне қарағанда, өткен жылы төтенше жағдайлар ведомствосында әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық көрсеткішін 2011 жылмен салыстырғанда 8 есеге, ал сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық санын 7,3 есеге азайтуға қол жеткізілген. Сонымен қатар, жемқорлығы үшін төтенше жағдайлар министрлігі саласында 17 адам қылмыстық жауапкершілікке  тартылған. Бұл көрсеткіш 2011 жылы 18 адамды құраған болатын. Бұдан бөлек, қазіргі уақытта министрлік 26 рұқсат беру құжаты және 5 ескерту сипатындағы құжат беруді жүргізіп келеді. Елбасының бизнеске әкімшілік қысымды азайту бойынша жүктеген тапсырмаларын одан әрі іске асыру мақсатында Халыққа қызмет көрсету орталықтарына құжаттарды беру жұмыстары әлі де жалғасуда.

«Алдағы уақытта ескертусіз жұмыс істеп жатқан шағын және орта бизнес субъектілерін тексеруді азайтуды көздеп отырмыз. Яғни, біз жүргізілген тексеру қорытындылары бойынша ескерту алмаған шағын және орта бизнес субъектілерін тексермеуді жоспарлаймыз», - деді министр В. Божко.


Тегтер:

Қазақстан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!