Елордада «Көкпардан» алғаш рет Азия чемпионаты өтеді

Фотография - Елордада «Көкпардан» алғаш рет Азия чемпионаты өтеді

деп хабарлайды Қырғызстанның Дене шынықтыру және спорт мемлекеттік агенттігінің баспасөз қызметі

220 0

Елордада 10-15 қыркүйек күндері «Көкпардан» алғашқы Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Қырғызстанның Дене шынықтыру және спорт мемлекеттік агенттігінің баспасөз қызметі.

Мұндай шешім 9 мамыр күні Бішкекте өткен аталған спорт түрі бойынша Халықаралық федерациялар конгрессінде қабылданған екен. Алдын-ала болжам бойынша оған 10 мемлекеттің спортшылары қатысады деп болжанып отыр. Аталмыш федерация Қырғызстан, Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстанның бастамасымен 2001 жылы 9 қарашада құрылған. Кейін федерация құрамына Қытай, Ресей, Ауғаныстан қосылды. Федерацияның президенті болып квота бойынша Қайрат Сатыбалды сайланды, ал бас хатшылық лауазым Қырғызстанның еншісіне берілді.


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!