Елімізде Әбу Ханифа атындағы мешіт бой көтермек

Фотография - Елімізде Әбу Ханифа атындағы мешіт бой көтермек

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданының Басқұдық ауылында «Имам Ағзам Әбу Ханифа» мешітінің іргетасы қаланды.

220 0

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданының Басқұдық ауылында «Имам Ағзам Әбу Ханифа» мешітінің іргетасы қаланды.

ҚМДБ-ның Маңғыстау облысы бойынша өкіл имамы, Маңғыстау облыстық орталық мешіттің бас имамы Тыныштық Мырзаевтың айтуынша, Маңғыстау облысында мешіт саны айтарлықтай аз.

«Жылдан-жылға мұсылман бауырларымыздың қатары көбейіп келе жатыр. Бүгінгі күні өңір халқына мешіт тапшылығы айқын сезіліп отыр. Мәселен, Ақтөбе қаласында 7, Атырау қаласында 4, Оралда 5, ал Ақтау қаласында 2 ғана мешіт бар», - дейді имам.

1500 адамдық «Имам Ағзам Әбу Ханифа» мешітінің қос мұнарасы - 63 метр. Күмбезі - 7-еу. Мешіт ішінде неке сарайы, кітапхана, сауат ашу, сауат ашу курсына арналған орындар бар. Сондай-ақ заман талабына сай мәйітхана бөлмесі де салынбақ. Онда қайтыс болған кісіні жуындырып, кебіндеп, жаназасын мешіттен шығаруға мүмкіндік болады. Мешіт ауласынан 400 адамдық халал асхана да бой көтермек. Мұнда адамдардың үйлену тойы, сүндет той т.б қазақы салт-дәстүрімізге сай той түрлерін атап өтуіне болады. Жаңа мешіттің аяқталу мерзімі 2014 жылдың қараша айы деп жоспарлануда.


Тегтер:

дін

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!