18 жастағы жігіт Алматыдан Мәскеуге жаяу баруға бел буды

Фотография - 18 жастағы жігіт Алматыдан Мәскеуге жаяу баруға бел буды

18 жастағы Сергей Бондаренко Алматыдан Мәскеуге дейін жаяу бармақшы.

189 0

18 жастағы Сергей Бондаренко Алматыдан Мәскеуге дейін жаяу бармақшы.

Жас жігіт өзінің жаяу жүрісі үш айға созылатынын есептеп қойыпты. Бұрын соңды мұндай ұзақ жол жүріп көрмеген Сергей бұндай шешімге қаланың қым-қуыт тіршілігінен шаршағандықтан бел буғанын айтып отыр. "Шынымды айтсам, неге олай істейтінімді білмеймін. Барлығы жалықтырды. Оқуға түсе алмадым, жұмысқа тұра алмадым. Барлығы сияқты болғым келмейді. Ұнайтын нәрсемен шұғылданғым келеді", - дейді ол.

Жаяу жүруге бел буған алматылық жолға азғантай ғана бұйым алмақшы. "Шатыр, пышақ, бір-екі джинсы, көйлек аламын. Тамақтан консерві, конфет аламын"- дейді Сергей. Егер тамағы таусылып қалатын болса, жолда тапқандарын жейтінін айтады. Жас жігіт жаяу жүруді мамырдың соңында бастамақшы. Ал қайтарда Алматыға автостоппен келуді жоспарлап отырған көрінеді.


Тегтер:

Отунбаева

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!