Алматыда "Орталық Азияда Интернетті дамытуға" арналған форум өтеді

Фотография - Алматыда "Орталық Азияда Интернетті дамытуға" арналған форум өтеді

Алматыда 23-24 мамыр күндері «Орталық Азияда Интернетті дамытуға арналған форум өтеді. Форумға Германия, Грузия, Ресей, Украина, Литва, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан елдерінің сарапшылары қатысады.

124 0

Алматыда 23-24 мамыр күндері «Орталық Азияда Интернетті дамытуға арналған форум өтеді. Форумға Германия, Грузия, Ресей, Украина, Литва, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан елдерінің сарапшылары қатысады.

Форумға онлайн-тіркелу жалғасуда. Шараға қатысу тегін. Форумның алғашқы күні конференция түрінде өтсе, екінші күні сарапшылар екі қатарлы сессия айналасында мастер-кластар өткізеді.

Форумның негізгі тақырыптары «Интернет желісі аясындағы мемлекеттік саясат», «Ғаламтордағы сөз бостандығы мен жеке өмірді қорғау», «Желідегі ақпараттарға қол жеткізу», «Электронды үкіметтің дамуы», «Интернет журналистика», «Интернет-құралдардың тиімді коммуникациядағы рөлі», «SMM және блогинг», «Интернет-жобалардың монетизациялануы», «Интернет-сатылымдар» және т.б болмақ.

Шарадағы сарапшылар қатарында ЕҚЫҰ Өкілдігінің БАҚ бостандығы мәселелері бойынша бюросының директоры - Андрей Рихтер, журналистерге құқықтық тұрғыдан көмек көрсету орталығының құқықтық сарапшысы, РФ Қоғамдық палатасының консультанты - Борис Пантелеев, Литвадағы Журналистер Одағының төрағасы - Дайнюс Радзявичус, «Стоп цензуре» журналистік қозғалысының белсендісі Наталья Соколенко бар.

Шара Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының, Сорос-Қазақстан және Қазақстандағы Конрад Аденауэр атындағы қор Өкілдігінің демеушілігімен ұйымдастырылды.


Тегтер:

интернет

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!