300-ге жуық автобустың жолаушыларға қызмет көрсетуге құқық беретін куәліктері кері қайтарылды

Фотография - 300-ге жуық автобустың жолаушыларға қызмет көрсетуге құқық беретін куәліктері кері қайтарылды

Әлденеше рет тәртіп бұзғаны және кестелерді сақтамағаны, автобустарды белгіленбеген орындардан аттандырғаны үшін 12 тасымалдаушының (303 автобус) қызмет көрсетуге құқық беретін куәліктері кері қайтарылды. Олардың арасында қалааралық және облысаралық жолаушы тасымалдайтын тұрақты қатынап жүрген автобустар бар.

296 0

Әлденеше рет тәртіп бұзғаны және кестелерді сақтамағаны, автобустарды белгіленбеген орындардан аттандырғаны үшін 12 тасымалдаушының (303 автобус) қызмет көрсетуге құқық беретін куәліктері кері қайтарылды. Олардың арасында қалааралық және облысаралық жолаушы тасымалдайтын тұрақты қатынап жүрген автобустар бар.

ҚР ККМ-нің Көліктік бақылау органдарының тексерістерінің қорытындылары бойынша 2013 жылдың басынан бері жолаушылар тасымалымен шұғылданатын 2372 тасымалдаушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Атап айтқанда компаниялар жүргізушілердің еңбек және тынығу ережелерін бұзған, жүргізушілерді рейс алдындағы медициналық тексерістен және автокөлік құралдарын техникалық байқаудан өткізбеген, сонымен бірге жолаушылар мен багажды тасымалдау ережелерін бұзуға жол берген.

Мұның сыртында, көліктік бақылау бекеттерінің қызметкерлері биылғы жылдың басынан бері шетелдік тасымалдаушылар тарапынан жіберілген 2075 ереже бұзушылығын анықтаған. Бүгінгі күнге көліктік бақылау бекеттері рұқсат беру жүйесі талаптарын орындамаған 35 шетелдік тасымалдаушыларды ұстаған. Олардың арасында беларуссиялық 8, түркиялық 5, тағы басқа тасымалдаушылардың жолдары кесілген.

Жалпы, шетелдіктерге рұқсат ету құжаттары халықаралық келісімдер негізінде берілетіндігін еске саламыз. Әрбір мемлекет әріптес елге өз аумағы арқылы жүк тасымалдауға құқық беретін белгілібір мөлшерде квота бөліп отырады.. Сол себепті, квота алмаған немесе оны тауысып алған тасымалдаушылар шет мемлекеттерде жүк тасымалдауға құқығы жоқ. Бұл шаралар әр мемлекеттің өз ішінде отандық тасымалдаушыларды қолдап отыруға бағытталған.


Тегтер:

парламент

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!