ОҚО-да алғаш рет асыл тұқымды ірі қара төлдері аукцион арқылы сатылды

Фотография - ОҚО-да алғаш рет асыл тұқымды ірі қара төлдері аукцион арқылы сатылды

Оңтүстік Қазақстан облысының тарихында алғаш рет ангус және герефорд асыл тұқымды ірі қара малдарының төлін сату бойынша аукцион өткізілді. Облыстың барлық аймақтарынан, Алматы, Жамбыл, Қызылорда облыстары мал шаруашылықтарының өкілдері шақырылған сауда-саттық Түлкібас ауданының Жабағылы ауылында жүзеге асты. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

199 0

Аукционның мақсаты асыл тұқымды төлдерді сату ғана емес, ет бағытындағы асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту шараларының нақты жеміс бере бастағанын көрсету. Бұл ретте «Ақсанат инжиниринг» ЖШС асыл тұқымды шаруашылығын құру Қазақстанда іске асырылып жатқан ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламаның аясындағы облыстағы алғашқы тәжірибелердің бірі болып табылады. «ҚазАгро» холдингі қаржыландырған шаруашылықта 800-ден астам асыл тұқымды мал өсіріледі. Бұдан бөлек, «Ақсанат инжиниринг» ЖШС-і Ангус және Герефорд тұқымдары бойынша Республикалық палаталардың құрылтайшыларының бірі болып табылады.

Ал аукционға шығарылған барлық асыл тұқымды бұқалар мен құнажындардың сертификаттары бар және асыл тұқымды мүйізді ірі қара малды есепке алудың халықаралық (австралиялық) қорына енгізілген. Шара аталмыш кәсіпорын жұмысының аралық қорытындысы болып табылады. Аукционға фермерлермен қоса ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, «ҚазАгроМаркетинг» АҚ-ның өкілдері мен аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары қатысты.

Тегтер:

Шымкент

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!