ОҚО әкімі 11 миллионыншы қазаққа арғымақ сыйлады

Фотография - ОҚО әкімі 11 миллионыншы қазаққа арғымақ сыйлады

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігімен ұлты 11 миллионынш қазақ атанған Мұхтар Әбдарахым  ОҚО әкімінен сыйлыққа арғымақ алды, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.

220 0

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігімен ұлты 11 миллионынш қазақ атанған Мұхтар Әбдарахым  ОҚО әкімінен сыйлыққа арғымақ алды, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.

 

«Құрметті Мәлік Абдрахымұлы, Шолпан Бақытжанқызы! Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі атынан Сіздерді отбасыларыңыздағы үлкен қуанышпен құттықтаймын. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі таратқан ақпаратқа сәйкес ұлдарыңыз Мұхтар еліміздегі ұлты қазақ 11 миллионыншы азамат екендігі жөнінде қуанышты хабар жетті. Әрбір бесінші қазақ дүние есігін ашатын өңірде он бір миллионыншы қандасымыздың туылуы Ұлысымыздың ұйытқысы саналатын оңтүстіктің демографиялық мәртебесін тағы бір дәлелдеді.  Ұлт мерейін арттырған сәбилеріңіздің бауы берік, денсаулығы мықты болсын. Отбасыларыңызға амандық, жаңа қуаныштар тілеймін!» делінген әкімнің құттықтау хатында.

 

Аталған құттықтауды қуаныш иелеріне табыстаған Қазығұрт ауданының әкімі Б.Қыстауов облыс әкімдігі мен өңір тұрғындары атынан сәбиге тұлпар тарту етті.

 


Тегтер:

Қазақстан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!