Қазақстанның жолдарын жұмыссыздар жөндейді

Фотография - Қазақстанның жолдарын жұмыссыздар жөндейді

Павлодар облысында жол құрылысымен айналысатын мердігерлер жол жөндеу қызметіне жұмыссыздарды тартатын болады.

128 0

Павлодар облысында жол құрылысымен айналысатын мердігерлер жол жөндеу қызметіне жұмыссыздарды тартатын болады. Бұл «Жұмыспен қамту – 2020» мемлекеттік бағдарламасының аясында жүзеге асырылмақ деп мәлімдеді Павлодар облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бастығының орынбасары Бақын Сүйенов.

Оның айтуынша, мердігерлер жол құрылысы жүріп жатқан аймақтан жұмыссыз жүрген 5-10 адамды жұмысқа тартуы тиіс.

Биыл Павлодар облысында 164 шақырымнан астам жол жөнделеді деп күтілуде. Бұл шараларға республикалық және облыстық бюджеттен 4 миллиард теңге қаржы бөлінген. Нәтижесінде өңір басшылығы облыстағы сапалы жолдардың жалпы көлемін 71 пайызға жеткіземіз деп болжам жасап отыр.

Ал, «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы елімізде 2011 жылы қабылданған болатын. Оның негізгі мақсаттарының бірі – өз-өзін жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және әлеуеметтік жағдайы төмен отбасы мүшелерін жұмысқа тарту, белсенділігін арттыру. Былтыр мемлекет басшысы аталған бағдарламаны сынға алып, тиімділігі өте төмен дегенді айтқан болатын. Өйткені, бір жылда бұл жоба аясында жұмыссыздардың тек екі-ақ пайызы еңбекпен қамтылды.


Тегтер:

павлодар

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!