Алматыда жаңа зәулім мешіт жамағатқа есігін айқара ашты

Фотография - Алматыда жаңа зәулім мешіт жамағатқа есігін айқара ашты

Бас мүфти бастаған діни басқарма қызметкерлері Алла үйінің ашылуына қатысып, құтханада Құран оқып, жұма намазын өтеді

173 0

Бүгін, қасиетті жұма күні Алматы қаласында жаңа зәулім мешіт жамағатқа есігін айқара ашты. Бас мүфти бастаған діни басқарма қызметкерлері Алла үйінің ашылуына қатысып, құтханада Құран оқып, жұма намазын өтеді, деп хабарлайды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз қызметі.

Ержан қажы Малғажыұлы салтанатты рәсімде жамағатқа уағыз айтты. Бас мүфти халықты сәулеті мен сәні жарасқан ғажайып құлшылық үйінің ашылуымен құттықтап, мешіт салудың сансыз сауабына тоқталды.

«Алла тағала мешіт тұрғызған пендеге жәннаттан үй салып береді. Құрметті жамағат, нағыз бақыт деген осы емес пе? Бүгінде еліміз бойынша жер-жерде мешіттер бой көтеріп, ізгіліктің, имандылықтың, ілім мен береке, бірліктің орталығына айналуда. Бұл қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған осындай бейбіт заманда жүзеге асып отыр. Алланың қалауымен, Елбасының бастамасымен зәулім мешіттер салынуда. Пайдалануға берілгелі тұрған бұл мешіт те жақсылықтың жаршысына, адамгершілік пен ізеттіліктің рухани ордасына айналсын. Іші жамағатқа толып, ынтымағымыз, ауызбіршілігіміз нығая берсін. Жаңа мешіт құтты да қайырлы болсын!», - деді Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

Алла үйінің ашылу рәсімінің салтанатты лентасы қиылған соң жамағат сәлем намазын оқып, дұға жасады. Бас мүфтидің уағызын тыңдады. Тәубе етудің маңызы жайлы айтылған жұма уағызынан көпшілік көп ой түйді.

Жаңадан салынған «Мәдина» мешіті Алматы шаһарындағы 34-ші құлшылық үйі. Бір мезетте 3 мыңға жуық адамға қызмет ете алады.


Тегтер:

дін

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!