Сыбайлас жемқорлықты ашуға көмектескен 3 азамат сыйақы алды

Фотография - Сыбайлас жемқорлықты ашуға көмектескен 3 азамат сыйақы алды

Атырауда сыбайлас жемқорлық қылмыстарын ашуға көмектескен 3 азамат Қаржы полициясынан арнайы сыйақы алды. 

186 0

Атырауда сыбайлас жемқорлық қылмыстарын ашуға көмектескен 3 азамат Қаржы полициясынан арнайы сыйақы алды. 

Былтырдан бастап қолданыстағы заңға жемқорлықпен күресте арнайы мамандарға жәрдемдескен адамдарды қолдау жөнінде тармақтар енгізілген болатын. Осыған байланысты енді Қаржы полициясына парақорлық жөнінде мәлімет берген азаматтарға әр қылмыстық деректің дәрежесіне қарай 30-дан 100 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде сыйақы беріледі. Мәселен осы уақытқа дейін Атырау облыстық Қаржы полициясы департаментіне 11 тұрғыннан арыз түскен. Осы шағымға сәйкес деректердің алғашқы үшеуіне қатысты қылмыстық іс қозғалып, сот үкімі шықты. Сәйкесінше, көмек көрсеткен адамдарға сыйақы да берілді. Жалпы биыл республика бойынша Қаржы полициясы органдарына көмектескен азаматтарды көтермелеу үшін алдын ала 32 млн теңге қарастырылған.

Заңғар ЗАҢҚАНОВ, облыстық Қаржы полициясы бастығының орынбасары:

- Сыбайлас жемқорлық қылмыстарын хабарлаған 3 азамат әрқайсысы 70 айлық есептік көрсеткіш яғни 121170 теңгеден сыйақы алды. Екі азаматқа қажетті құжаттар рәсімделіп жатыр. Тағы алты адамның берген мәліметтеріне қатысты қылмыстық іс қозғалып, сот қаулысы заңды күшіне енгеннен кейін оларға да сыйақы беріледі. Жалпы қызығушылық танытып жатқан тұрғындар көп.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!