«Minecraft» ойыны балаларға кері әсерін тигізуде

Фотография - «Minecraft» ойыны балаларға кері әсерін тигізуде

«Minecraft» деп аталатын компьютерлік ойын жас жеткіншектердің тәрбиесіне кері әсерін тигізіп отыр. «Қазақстан ардагерлері» ассоциациясы төрағасының орынбасары және Ауған соғысының ардагері Сәкен Махамбетов осылай деп отыр. 

315 0

«Minecraft» деп аталатын компьютерлік ойын жас жеткіншектердің тәрбиесіне кері әсерін тигізіп отыр. «Қазақстан ардагерлері» ассоциациясы төрағасының орынбасары және Ауған соғысының ардагері Сәкен Махамбетов осылай деп отыр. 

Оның айтуынша, үшінші сыныпта оқитын ұлдары аталған ойынның жетегінен шыға алмай қалған. Тіпті, күнделікті уақытының басым бөлігін үйдегі бастауыш сынып оқушылары компьютер алдында өткізетін болды дейді ҚР Премьер-министрінің атына хат жазған ардагер.

«Проблемамен бетпе-бет келгендіктен оны өзімше зерттеуіме тура келді. Анық болғаны, бастауыш және орта сынып оқушыларының басым бөлігі бос уақыттарын ойын клубтарында өткізеді екен. Және де көпшілігінің ойнайтыны бір ғана «Minecraft». Балалардың ойын ішіне кіріп кеткендігі сонша, олар өзара түсініксіз тілде сөйлесіп, бейәдеп сөздерді жиі пайдаланатын болды. Мінездерінде де біршама өзгерістер пайда болған. Қазір тек балаларымызға қауіп төндіріп тұрған «Minecraft» сынды ойындар ертең барша адамзатқа кесірін тигізуі әбден мүмкін. Сондықтан бұл проблеманы қазірден шешкеніміз жөн» дейді Сәкен Махамбетов өз хатында.

Компьютер ойындарының балаларға орасан зор зиян тигізетіні әуел бастан-ақ белгілі. Тіпті, кейбір елдер мұндай ойын түрлеріне шектеу де қойып тастаған. Өйткені, ғалымдар расында да «Minecraft» сынды соғыс ойындарының адам психологиясын бұзатындығын дәлелдеп отыр. Ал, біздің елде әзірге мұндай шектеу жоқ. Тек кеш батысымен ойын клубтарына балаларды кіргізуге тиым салынғандығын айтпасаңыз.


Тегтер:

интернет

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!