«Елімнің тағдыры – менің тағдырым!» форумы Алматыда жалғасады.

Фотография - «Елімнің тағдыры – менің тағдырым!» форумы Алматыда жалғасады.

20 мамырда Алматы қаласында «Елімнің тағдыры – менің тағдырым!» қалалық форумы өтеді.

210 0

20 мамырда Алматы қаласында «Елімнің тағдыры – менің тағдырым!» қалалық форумы өтеді. Туған өлкесінің қалыптасуы мен жүйелі дамуына, сол арқылы тұтастай тәуелсіз Қазақстанның дамуына сүбелі үлес қосқан отандастарымыз тағдырын ел тағдырымен сабақтастырып, жетістіктерінен сыр шертеді. Олардың қатарында Қазақстанның Еңбек Ері, №159 гимназияның директоры А.Миразова; боксшы, Сидней Олимпиада ойындарының чемпионы Е.Ыбрайымов; «Ерке-Нұр» компаниясының президенті Ф.Мерхамитқызы; қазақ эстрадасындағы жас жұлдыздарының бірі Ә.Кәрімов;  Қазақстан Патриоттары партиясы орталық комитетінің мүшесі, «Невада-Семей» халықаралық қоры үйлестіру кеңесінің мүшесі Г.Нұрпейісова; «Мен өмірді сүйемін» қоғамдық қорының құрылтайшысы М.Сүлейменова, Алматы технологиялық университетінің 2-курс студенті, «Жастар» пікірталас клубының  төрағасы В.Сеселкин бар. 

Форумға мемлекеттік орган, саяси партия, ғылыми және шығармашылық әлеует өкілдері, этномәдени бірлестіктердің мүшелері, ардагерлер, спортшылар мен жастар және т.б. қатысады. 

Шара аясында Алматы қаласының тарихы, әлеуметтік-экономикалық дамуын, қала тұрғындарының жетістіктерін көрсетуге арналған фотокөрме ұйымдастырылады.

Форум ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Т.Күзембаев, әнші Ә.Кәрімов, «ST brothers» дуэті, Әсем және «Тенгри» тобы, Алматы қаласының жас таланттары мен «Изумруд» тобы қатысатын мерекелік концертпен аяқталады.

Шара ақпаратын таратуға атсалысуға шақырамыз!

Өтетін орны:

Алматы қ., Құрманғазы көшесі, 29 (Уәлиханов көшесінің қиылысы), «Ғылым Ордасы» РМК.

Басталуы: 15.00

Анықтама үшін телефондар:

Алматыда: (727) 271-66-74, 272-20-07

Астанада: (7172) 57-23-35

Айта кетейік, бірінші республикалық «Елімнің тағдыры – менің тағдырым!» атты  форумы 2012 жылдың шілде айында, Елорда күні қарсаңында Астанада өткен болатын. Іс-шараның бастамашысы және ұйымдастырушысы көпфункциялы ғылыми-талдамалық және гуманитарлық-ағартушылық «Назарбаев орталығы» мемлекеттік мекемесі. Форум қоғамда кеңінен резонанс тудырып, оны ендігі кезекте жыл сайын елдің барлық аймақтарында өткізу шешімі қабылданды. 

Форум екі кезеңде өткізіледі: біріншісі – аудандық деңгейде; екіншісі – облыстық және Астана, Алматы қалалары деңгейінде. Үздік қатысушылар Елорда күні қарсаңында өтетін «Елімнің тағдыры – менің тағдырым!» екінші республикалық форумына жолдама алады.

Жалпы ұлттық «Елімнің тағдыры – менің тағдырым!» жобасы 2013 жылдың ақпан айында Ақмола облысынан бастау алды. Осы күнге дейін аудандық және облыстық деңгейлерде 200-ден аса шара өтті.

 


Тегтер:

Қазақстан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!