Тұрғын үй құрылысында делдалдар көп

Фотография - Тұрғын үй құрылысында делдалдар көп

Қазақстандағы тұрғын үй бағасының тым жоғары екендігін Елбасымыздың өзін үлкен бір жиында айтып өтті. Осыған орай, ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігі бірнеше мемлекеттік органдармен бірлесе отырып жұмыс жүргізуді бастап кеткен.

291 0

Қазақстандағы тұрғын үй бағасының тым жоғары екендігін Елбасымыздың өзін үлкен бір жиында айтып өтті. Осыған орай, ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігі бірнеше мемлекеттік органдармен бірлесе отырып жұмыс жүргізуді бастап кеткен.


Атап айтқанда, құрылыс материалдарын шығаратын кәсіпорындар мен құрылыс жұмыстарын жүргізетін бірқатар ірі компаниялардың өкілдерінің басын қосып, бұл мәселені жан-жақты талқылаған. Сөйтіп, қазіргі таңда атқарылуы тиіс нақты іс-шаралар жоспары әзірленген. Осы бағыттарда бірқатар жобаларды шұғыл қолға алған. Біріншіден, қарапайым халықтың сұранысына ие болып келетін эконом класты пәтерлерді тиімді бағамен тұрғызудың оңтайлы жолдарын қарастыруда. Өйткені, кез-келген құрылыс компаниялары тапсырыс берушінің қаражатына қарай кез-келген санаттағы үйді қалауыңша салып бере алады. Бұл сөзсіз.

«Осы күні барлық құрылыс материалдарын санап, қаттап, бағаларын, қызмет ақысын бәрін-бәрін есептеудеміз. Оның ішінде, әрине, ағаш, темір, кірпіш секілді тауарларды өндіру мен жеткізу, тұрғызу секілді қызмет түрлерін де жіті назарға алудамыз. Себебі, осындай қызметтердің қатарында қажетсіз басы артық жұмыс түрлері де кездесіп жатады. Бұл бағаның артуына ықпалын тигізеді. Осының бәрін мұқият зерделесек, арада жүрген қажетсіз қызмет түрлерін қағып түсірсек, ол тұрғын үй бағасының арзандауына өз септігін тигізетін болады», - дейді Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы Болатбек Қуандықов.


Тегтер:

Қазақстан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!