Өскеменде 158 дарынды оқушы қазақ тілі мен әдебиетінен сынға түседі

Фотография - Өскеменде 158 дарынды оқушы қазақ тілі мен әдебиетінен сынға түседі

Өскемен қаласында Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтары Федерациясының клуб мүшесі, академик, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі, «Құрмет» орденінің иегері Қанипа Омарғалиқызы Бітібаева атында қазақ тілі мен әдебиетінен халықаралық олимпиада өтеді.

254 0

Өскемен қаласында Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтары Федерациясының клуб мүшесі, академик, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі, «Құрмет» орденінің иегері Қанипа Омарғалиқызы Бітібаева атында қазақ тілі мен әдебиетінен халықаралық олимпиада өтеді. 

Биылғы жылғы олимпиада Қанипа Омарғалиқызының ұстаздық еңбек жолына 45 жыл толуы мен республикалық филологтар съезіне орай өткізілгелі отыр.

Облыстық білім басқармасының баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, олимпиадаға қатысуға Астана қаласы, Қарағанды, Павлодар, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарынан, сонымен қатар, Қытай Халық Республикасынан, Оңтүстік Корея, Монғолия, Ресей және Қырғызстан Республикасынан 158 дарынды оқушы тапсырыс берген.

Білім додасы барысында оқушылар дарындылығын анықтап, дамытудың өзекті мәселелеріне арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылып, мұғалімдер Қ.О. Бітібаеваның «Білім беру жүйесін жаңғырту, жаңарту заманындағы мұғалімнің инновациялық ролі» тақырыбындағы шеберлік-сыныбына қатысады. Шеберлік-сыныптың барлық тыңдаушыларына сертификаттар беріледі, делінген баспасөз парағында.

Олимпиада бағдарламасында облыстық мұражайларды, көрмелерді аралау, «Жастар» саябағына, «Қазақстан» тауына экскурсия, сонымен қатар, «Восток - Тур - Драйв» туристік базасына бару және онда қатысушылар үшін «We – together!» спорттық ойын-сауық шарасын ұйымдастыру жоспарлануда. Өскемен қаласындағы Назарбаев Зияткерлік Мектебінде «Үміт» балалар үйінің тәрбиеленушілері мерекелік концерт ұйымдастырмақ.

 


Тегтер:

білім

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!