Астана күні алып торт жейтін болдық

Фотография - Астана күні алып торт жейтін болдық

 деп хабарлайды Елорданың ресми сайты

251 0

Тәттіні үлкендер де, балалар да жақсы көретіні жасырын емес. Әсіресе, мереке тәттісіз өтпейді. Әдемі торт кез келген мереке дастарқанының сәнін келтірері сөзсіз. Қала күні аясында үлкен рекорттық торт пісірілмек, деп хабарлайды Елорданың ресми сайты.

«Елорданың 15 жылдық мерейтойы да осы басты мерекелік тәттісіз болмақ емес. Қала күні аясында үлкен рекорттық торт пісірілмек. Одан ешкім де дәм татпай кетпеуі керек», - дейді ұйымдастырушылар.

Астана күнінде «Хан Шатыр» ойын-сауық орталығында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан торт тарту ету салтанаты өтеді. Сол арқылы елорданың бас сәулетшісі болып табылатын Елбасы қала тұрғындары мен қонақтарын құттықтайды.

Сонымен қатар, астаналықтар ауқымды мерекелік торттан басқа да ойын-сауық орталықтарында дәм тата алады. Осы жерде балалар мен қаланың шығармашылық ұжымдарының қатысуымен концерттік бағдарламаны да тамашалауға болады.


Тегтер:

Мереке

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!