Қазақстан қазірдің өзінде ДСҰ жағдайында өмір сүріп жатыр - Т. Жақсылықов

Фотография - Қазақстан қазірдің өзінде ДСҰ жағдайында өмір сүріп жатыр - Т. Жақсылықов

Қазақстанды қазірдің өзінде ДСҰ  жағдайында өмір сүріп жатыр деуге болады.

123 0

Қазақстанды қазірдің өзінде ДСҰ  жағдайында өмір сүріп жатыр деуге болады.

Бүгін Астанада өтіп жатқан VI Астана экономикалық форумы аясындағы Еуразия іскерлік конгресінің 3-ші отырысында Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Тимур Жақсылықов осылай мәлім етті. Еске салсақ, конгресс отырысында «Қазақстанның ДСҰ-ға енуі: бизнес қызығушылықтары мен мүмкіндіктері» тақырыбы қамтылған болатын.

«Қазақстанда ДСҰ-ға енгеннен кейін не болатынына, ондағы тарифтердің құлдырайтынына қатысты орынсыз үрейлерге келсек, Ресейдің бір жылдан бері ДСҰ мүшесі болып отырғанына назар аударғым келеді. Бұдан бөлек, Қазақстан қазірдің өзінде іс жүзінде ДСҰ жағдайында өмір сүріп жатыр. Олай болатын себебі бізде Ресеймен бірыңғай сауда режимі орныққан. Өйткені, Ресей ДСҰ аясында мойнына алған барлық міндеттемелердің өзі іс жүзінде бізге де тарап отыр», - деді вице-министр. Оның айтуынша, ДСҰ-ға енуге қатысты өнеркәсіптік салаға келтірілетін қандай да болмасын залал туралы сөз қозғау дұрыс емес. Бұдан бөлек, шетелден ағылатын импорттық тауарлардың отандық нарыққа айтарлықтай ырықтандыратыны туралы қауіп те орынсыз.

«Әрине, белгілі бір әсерлер болуы мүмкін. Дегенмен, нақты ештеңе айта алмасымыз анық. Жалпы біз экономикалық өсімнің жалғасып жатқанын көріп отырмыз. Өнеркәсіптің өңдеуші саласындағы өсім алдыңғы қатарда тұр. Сондықтан да, тариф күрт құлдырайды, қазақстандық бизнес шамадан тыс бәсекелестікке тап болады, оның ары қарай дамуына жол берілмейді деп айту артығырақ. Рас, өтпелі кезеңнен соң тарифтер төмендеуі мүмкін. Дегенмен, әзірге, алаңдататын ештеңе байқалмайды», - деді Т. Жақсылықов.


Тегтер:

Қазақстан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!