Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры биыл ауыл тұрғындарына 9,3 млрд. теңгені шағын несие ретінде бермек

Фотография - Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры биыл ауыл тұрғындарына 9,3 млрд. теңгені шағын несие ретінде бермек

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ биыл  «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасының ауылды жерлердегі кәсіпкерлікті қолдауға арналған екінші бағытын жүзеге асыруда. Қазақстаннның барлық облыстарындағы аймақтық өкілетті ұйым ретінде қор тарапынан қазірдің өзінде алғашқы 200 несие берілді.

280 0

Қордың баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2011 жылы мемлекет тарапынан бағдарламаның екінші бағытына 3,5 млрд. теңге бөлінген болса, ағымдағы жылы бұл сома 16,9 млн. теңгеге дейін ұлғайып отыр. Ауылды жерлердегі кәсіпкерлікті дамытуға бөлінетін бұл қаражаттың 9,3 млрд. теңгесі  Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры  арқылы ауыл тұрғындарына шағын несие ретінде беріледі деп жоспарлануда. Қаржы кәсіпкерлердің  өз ісін ашып, дамытуына бағытталады. Ол цехтар, наубайханалар, көлік-тасымалдау, тұрмыстық қызмет көрсету сияқты тағы басқа да  нысандар  болуы да мүмкін. Несиенің жоғары сомасы - 3 млн.  теңге, мерзімі - 5 жыл.

Жалпы «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасының басталу кезінен бері екінші бағыт бойынша 8 300 қазақстандық  ауылды жерлерде бизнесті дамытуға несие алды. Оның  321-і несиеге биыл қол жеткізіп отыр.  Несиенің орташа сомасы 2 миллион теңге құрайды. 15 мамырдағы мәліметтер бойынша, қор тарапынан ауыл тұрғындарына 603,7 млн. теңгенің 263 несиесі берілген.

Тегтер:

Қазақстан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!