«Жабайы мысықтың пайдасы көп...»

Фотография - «Жабайы мысықтың пайдасы көп...»

Қала тұрғынының олай дейтін себебі, көпқабатты үйлердің жертөлелерінен мысықтар кетсе үйді тышқандар мен атжалмандар қаптайтын көрінеді.

673 0

Тұрғындардың қауіпсіздігі үшін елдімекендердегі көше кезген ит пен мысықтар әдетте жергілікті билік тарапынан көзі жойылып отырады. Тіпті, жуырда бұл мәселе төңірегінде дау туып, еліміздің бірер облысында қаңғыбас жануарларды өлтірмеу туралы ереже де шыққан. Ал, Павлодар қаласының Виктория Гартвих есімді тұрғыны иттерден бұрын мысықтарды аман алып қалу дегенді айтып отыр.

Қала тұрғынының олай дейтін себебі, көпқабатты үйлердің жертөлелерінен мысықтар кетсе үйді тышқандар мен атжалмандар қаптайтын көрінеді. Ал, жабайы жануарларға күтімді өзіміз жасаймыз дейді ол.

«Көпқабатты үйлердің жертөлесін мекендейтін мысықтарды онсыз да үй тұрғындары күтіп-бағады: ауырса емдейді және тамақтандырады. Егер мысықтарды аулауды тоқтатпаса олар түгелімен үй маңайын тастап, өзге жаққа қоныс аударады. Ал, нағыз проблема сол кезде басталатыны анық. Мысықтар болмаса сальмонеллез, токсоплазмос, туляремия, құтыру, туберкулез сынды жұқпалы ауруларды тарататын кеміргіштер қаптап кетеді. Сол себептен пайдасы бар жабайы мысықтарды өлтірмей қалдыруларыңызды сұраймын» дейді азаматша Виктория Гартвих.

Ал, қала әкімі Оразгелді Қайыргелдинов Павлодарда онсыз да мысықтардың ауланбайтындығын айтады. Тек иелерінің тапсырысымен қартайған немесе ауру мысықтарды ғана ветеринарлық дәрігерлер улап өлтіреді екен.


Тегтер:

ауыл

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!