Қыркүйек айында Назарбаев Зияткерлік мектебі ашылады

Фотография - Қыркүйек айында Назарбаев Зияткерлік мектебі ашылады

 Қызылордада биылғы жылдың қыркүйек айында Назарбаев Зияткерлік мектебі ашылмақ. Кеше оның құрылыс барысымен Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев танысты. Бұл туралы өңір жетекшісінің баспасөз қызметінен хабарлады.

228 0

 Қызылордада биылғы жылдың қыркүйек айында Назарбаев Зияткерлік мектебі ашылмақ.

Кеше оның құрылыс барысымен Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев танысты. Бұл туралы өңір жетекшісінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Шаһарда Назарбаев Зияткерлік мектебінің құрылысы 2011 жылы қолға алынған-ды. Жоспар бойынша білім ошағында 720 бала 60 оқу сыныптарында тәлім алмақ. Оқушылардың 600-і  сабақтардан кейін түрлі курстарға және үйірмелерге қатысып, күндерін мектеп қабырғасында өткізеді. Аудан мектептеріндегі шәкірттердің ішінде іріктелген қалған 120 бала білім ошағына қарасты жатақханада тұрады.

Назарбаев Зияткерлік мектебінің бағыты - табиғи-математикалық. Баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, онда білім үш тілде берілмек. Пәндердің бір бөлігі  «team-teaching» әдісі бойынша оқытылады. Оған сәйкес сабақты екі мұғалім өткізеді, олардың бірі ағылшынша, екіншісі қазақша немесе орысша. Осылайша мектептің оқушылары нақты пәндерді тереңдетіп оқиды әрі үш тілді меңгереді.


Тегтер:

өркениет

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!