Инкубаторда дүниеге келген бүркіттің үш балапаны табиғатқа жіберілді

Фотография - Инкубаторда дүниеге келген бүркіттің үш балапаны табиғатқа жіберілді

Осылайша, қазақ ерекше қастерлеп «дала сермеңдесі», «көк тәңірісі», «қанаттылар ханы» деп құрмет тұтқан бүркіттер қолдан өсіріле бастады.

305 0

Бала бүркіт қияға қонды. «Табиғатты аяла. Өз үлесіңді қос» бағдарламасы аясында инкубаторда дүниеге келген үш бүркіттің балапаны тау бүркіттердің ұясына салынды. 

Осылайша, қазақ ерекше қастерлеп «дала сермеңдесі», «көк тәңірісі», «қанаттылар ханы» деп құрмет тұтқан бүркіттер қолдан өсіріле бастады.

Жақында ғана жасанды жолмен өмірге келген бүркіттер табиғи мекеніне оралды. Зоология институты мен сұңқар шаруашылығының мамандары бала бүркіттердің болашақ мекен ететін жерлерін жіті зерттеп құстарға ең қолайлы деп Алматы облысында 6 ұя таңдалған. Оның екеуі мұзбалақ, біреуі дала бүркіті, үшеуі тау бүркітінің ұясы.

Сергей Шмыгалев, сұңқар шаруашылығының орнитолог маманы:

- Егер азық қоры мол, құстар тоқ болса, балапандар саны көп болады. Сондықтан зоология институтының мамандарымен бірлесіп, тәжірибе жүргізетін жерді анықтадық. Бұл іспен осы уақытқа дейін ешкім айналысқан жоқ. Біз үш балапанды ұяға салдық.

Биылғы көктем жыртқыш құстардың балапан басуының аз екенін көрсеткен. "Бұл инкубаторда дүниеге келген балапандарды жатсынбай қабылдауға мүмкіндік береді" дейді мамандар. Броконьерлер қол салмас үшін ұялар орналасқан жерлерді құпия ұстауда. Қондырылған балапандар питомникте мекендейтін бүркіттердің тұқымы.

Балапан шығаратын қондырғы мамандардың жіті қадағалауында. Табиғи жолмен бүркіттің балапаны 45 күнде келсе, инкубатор арқылы екі апта бұрын шығады екен. Бірақ оның өзіндік технологиясы бар.

Татьяна Даропкина, сұңқар шаруашылығының жыртқыш құстар бөлімінің меңгерушісі:

- Әр жарты сағат сайын тор қозғалып, инкубатордағы жұмыртқалар 90 градусқа бұрылады. Жарты сағаттан кейін тағы бұрылады. Екі сағаттан кейін инкубатор өзі өшіп, ішіндегі температура 2-3 градусқа төмендейді.

Орнитологтар енді тағы 5 балапанды қияға қондыруды көздеп отыр. Егер пилоттық жоба жемісін беріп, табиғатқа бейімделіп кететін болса, қолдан шығарылатын балапандар санын арттыру көзделіп отыр. Қазіргі таңда Қазақстанда Қызыл кітапқа енген дала қырандарының екі мың жұбы ғана қана қалған.


Тегтер:

ауыл

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!