Астанада тағы бір белсенді 15 тәулікке қамалды

Фотография - Астанада тағы бір белсенді 15 тәулікке қамалды

Астананың мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты азаматтық белсенді Берік Жағыпаровты "рұқсат етілмеген митингіге қатысты" деп айыптап, 15 тәулікке қамады. Бұл туралы Азаттық тілшісіне Жағыпаровтың адвокаты Әсел Тілегенова хабарлады. Сот шешімі 24 мамырға қараған түні шыққан.

330 0

Берік Жағыпаровты полиция 23 мамырда ұстап әкеткен еді. Мамандығы журналист Жағыпаров сотта Астанаға "ипотекамен үй алып, оның қарызын жаба алмай жүрген" борышкерлердің наразылық акцияларынан "хабар таратуға келгенін" айтқан.

21 мамырда "ипотекаға үй алып, оның қарызын қайтара алмай жүрміз" деген жүзден аса адам Астанаға жиналған еді. Олар үкімет және парламенттің қабылдауына кіріп, биліктен қарыздарын жабуды сұрамақ болған. Бұл шараға жиналғандар арасында Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау және басқа облыстардың тұрғындары бар.

Бұған дейін "Халыққа баспана қалдырайық" қозғалысының төрағасы Есенбек Өктешбаев пен астаналық құқық қорғаушы Болатбек Біләлов те осы наразылық акцияларына қатысты әкімшілік жазаға тартылған еді. Ал "ипотекаға үй алдық" деген топтың екі белсендісіне айыппұл салынған.

Тегтер:

Қазақстан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!