Астанада Африка аптасы өтуде

Фотография - Астанада Африка аптасы өтуде

Мысыр, Ливия және Оңтүстік Африка Республикасының елшіліктері Астанада Африка аптасын атап өтуде.

337 0

Мысыр, Ливия және Оңтүстік Африка Республикасының елшіліктері Астанада Африка аптасын атап өтуде.

  Бұл күндері Африка үшін атаулы мереке, себебі елдің құрылғанына 50 жыл толды. 1963 жылы африкандық елдердің ұлы көшбасшылары Аддис-Абебада бас қосып, бүкіл африкандықтардың ортақ үйіне айналған Бірлік Ұйымын құруға бастамашы болды. Сол жылдың 25 мамырында қазіргі Африка Одағы құрылды. Әр жыл сайын африкандықтар бұл күнді Африка кедейлік пен аурулардан, әскери жанжалдардан, күрделі экономикалық жағдайдан шығатынына үлкен сеніммен атап өтеді. Қазақ елінде мереке иелері аспазшылар фестивалін, сәндік-қолданбалы өнер көрмесін өткізді. Шара қонақтары қызу қанды африкандық биді тамашалап, көркем фильмдерді көрді. Барабанда ойнаудың хас шеберлері өнерлерін ортаға салды. Биыл бұл мереке елордада алғаш рет кеңінен аталып өтпекші.

  «Қазақстанмен мәдени, экономикалық ынтымақтастығымызды нығайтуға ниеттіміз. Мұндай мәдениет күндерін қазақ жерінде осымен 2-мәрте өткізіп отырмыз. Осы жылдың желтоқсан айында Қазақстан мемлекетінің басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Африкаға ресми сапармен барады деп күтілуде. Сол кезде Африкадағы Қазақстан елшілігін ашуды жоспарлап отырмыз»,-деді Оңтүстік Африка Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Шириш Сони.


Тегтер:

астана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!