СҚО-да кәсіпорындар өз қызметкерлеріне 105 миллион теңгеден астам қарыз болып қалған

Фотография - СҚО-да кәсіпорындар өз қызметкерлеріне 105 миллион теңгеден астам қарыз болып қалған

Солтүстік Қазақстан облысында кәсіпорындар өз қызметкерлеріне 105 миллион теңгеден астам қарыз болып қалған, деп хабарлайды агенттікке облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

227 0

Солтүстік Қазақстан облысында кәсіпорындар өз қызметкерлеріне 105 миллион теңгеден астам қарыз болып қалған, деп хабарлайды агенттікке облыс әкімінің баспасөз қызметінен.


«Мамырдың 17-ндегi мәлiметке қарағанда өңiрдегi 23 кәсiпорында еңбекақы бойынша қарыз көлемi 105,2 млн теңгеге жеткен. Соған байланысты өңiр басшысы Самат Ескендiровтiң төрағалығымен жалақы бойынша қарызды азайту бағытында шараларды қолданудың дағдарысқа қарсы штабының отырысы өттi»,-деп ақапараттандырды баспасөз қызметінен.


Әсiресе, Тайынша, Аққайың және Ақжар аудандарында бұл жағдай сын көтермейдi. «Баско», «Артари», «Донецкое», «Победа Тайынша», «Севимсталькон» серiктестiктерiнiң басшылары қордаланып қалған жалақы қарыздарын жуық арада жабатындарын айтып, бұндай проблема болашақта туындамайды деп сендiрдi.


«Транс Авто» серiктестiгi де жұмысшыларына тиiстi еңбекақыларын төлемей келедi. Оның құрамындағы барлық кәсiпорындар қарызға батқан.


Облыс әкiмi Самат Ескендiров серiктестiктердiң басшыларына еңбекақы төлеу мәселесiн басты орынға қою керектiгiн қадап айтты.


Жиын соңында аймақ басшысы аудан әкiмдерi мен тиiстi ведомстволар басшыларына бiрқатар тапсырмалар жүктедi. Өңiр жетекшiсi облыста қарызы бар өзге кәсiпорындарды анықтауды тапсырды. СҚО әлеуметтiк қорғау және бақылау департаментi жиi мониторинг өткiзiп, жағдайды бақылауға алуы тиiс.


Тегтер:

Қазақстан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!