Қоғамдық белсенділерге сыйақы бар

Фотография - Қоғамдық белсенділерге сыйақы бар

Хат соңында аудан әкімінің қаулысымен бекітілген қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу бойынша ақшалай сыйақының мөлшері де көрсетілген

308 0

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 тамыздағы «Қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге жәрдемдескен, қоғамдық тәртiптi қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеу ережесiн бекiту туралы» №1243 Қаулысына сәйкес, қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге жәрдемдескен, қоғамдық тәртiптi қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерiн жергілікті атқарушы органдары құратын комиссиялар (комиссия) қарайды.

Қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге, қоғамдық тәртiптi қорғауға, қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге белсендi қатысатын азаматтарды ақшалай сыйақымен көтермелеу жөнiндегi ұсыныстарды комиссияның қарауына iшкi iстер органдары ұсынады.Сондықтан қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге, қоғамдық тәртiптi қорғауға, қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге белсендi қатысатын азаматтарды ақшалай сыйақымен көтермелеу жөнiндегi аудандық iшкi iстер бөлімінің ұсынысы және комиссияның 2013 жылғы 22 ақпандағы №1 хаттамасы негізінде аудан әкімдігінің 2013 жылғы 26 ақпандағы «Ауданында қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу бойынша ақшалай сыйақының мөлшерiн айқындау туралы» №51 қаулысы қабылданған.

Әкімдік қаулысы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi «Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Заңының 3 бабының 2 тармағы 1) тармақшасындағы құзыретіне сәйкес аудандық әкімдікте қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтар ретінде тiркелген және дербес есепте тұрған адамдарға, яғни азаматтардың осы бір тобына ғана арналған. Алдын ала белгілі бір тұлғалардың шеңберіне таралады. Осыған сәйкес әкімдіктің қаулысы бір мәрте қолдануға есептелген, жеке дара айқындалған тұлғалардың тобына қолданылатын, жалпыға міндетті емес құқықтық іске асыруға және құқық қолданушылық мәні бар нормативтік құқықтық актілер санатына жатады деп санаймын.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Әділет министрі Б.Имашевтың блогына хат жазған Қуаныш Құлыбеков министрден жоғарыда аталғандардың негізінде аудан әкімдігінің 2013 жылғы 26 ақпандағы «Ауданында қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу бойынша ақшалай сыйақының мөлшерiн айқындау туралы» №51 қаулысының әділет органдарында міндетті мемлекеттік тіркеуге жататындығын (немесе жатпайтындығын) анықтап беруін сұрайды. Өкінішке қарай хат жазушы лауазымын, тұрақты мекенін ашып көрсетпепті. Бірақ, хат мәтініне қарағанда, аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы болуы керек.

Хат соңында аудан әкімінің қаулысымен бекітілген қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу бойынша ақшалай сыйақының мөлшері де көрсетілген:

1) аса ауыр қылмыстар бойынша - 16 мың теңге;

2) ауыр қылмыстар бойынша - 15 мың теңге;

3) ауырлығы орташа қылмыстар бойынша - 14 мың теңге;

4) онша ауыр емес қылмыстар және әкімшілік құқық бұзушылық бойынша - 11 000 теңге.

Дәулетқали Асауов


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!