Қызылордада 120 жылыжай іске қосылады

Фотография - Қызылордада 120 жылыжай іске қосылады

Ағымдағы жылы Қызылорда қаласында жаңа 120 жылыжай іске қосылады

247 0

Ағымдағы жылы Қызылорда қаласында жаңа 120 жылыжай іске қосылады.

Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Нәтижесінде қалалықтардың арзан көкөніс өнімдеріне қажеттіліктерін 65 пайызға дейін қамтамасыз ету жоспарлануда»,  делінген хабарламада.

Биылғы жылдың 4 айында Қызылорда қаласында ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 277 млн.теңгені құрады. Мал шаруашылығында барлық мал басы түрінен тұрақты өсім бар. Ірі қара мал басының саны 47,7 пайызға артып, сүт өндіру өткен жылмен салыстырғанда 118,5 пайызға өскен. Қала аумағында барлығы 6673 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Сондай-ақ, жоспарланған жаңа жоңышқа 167 гектарға артық егіліп, 1112 гектарды құрады.

Бұл жөнінде облыс әкімдігінде өткен Қызылорда қаласын дамыту мәселелері жөніндегі кеңейтілген мәжілісте қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев айтты.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!