Шығыс Қазақстанда 1300-ден астам ірі қараның көзі жойылды

Фотография - Шығыс Қазақстанда 1300-ден астам ірі қараның көзі жойылды

Үржар ауданындағы Ақшоқы ауылындағы бірқатар шаурашылықтарда аусыл дертінің ошағы анықталып, 1 375 бас ірі қараның көзі жойылды

196 0

Үржар ауданындағы Ақшоқы ауылындағы бірқатар шаурашылықтарда аусыл дертінің ошағы анықталып, 1 375 бас ірі қараның көзі жойылды, - деп хабарлайды «Новости-Казахстан» АА.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сүйенсек, ауру малдар түгел өлтіріліп, арнайы орында өртеп, көму жұмыстары жүргізілген.

Ал ауру ошағы ретінде тіркелген шаруашылықтың 5 940 000 шаршы метр жері «Кристалл-900» үлгісіндегі 1 %-тік ерітіндісімен дезинфекция жасалған. Сонымен қатар, қауіпті аймаққа жақын жерде орналасқан шаруашылықтардың 3 453 ірі қарасы мен 4 962 ұсақ малдарына аусылға қарсы екпелер салынған. Бүгінде жергілікті тұрғындарымен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жұқпалы дертке шалдыққан ірі қараларды жедел анықтау мақсатында, шұғыл шаралар қолға алынып ол әлі де жалғасын табуда.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!