Мемлекет мал шаруашылығын дамытуға көңіл бөледі

Фотография - Мемлекет мал шаруашылығын дамытуға көңіл бөледі

Арман Аллабергенов деген азаматтың Қарағанды облысының әкімі Бауыржан Әбдішевке төмендегідей өтініші бар екен.

261 0

Арман Аллабергенов деген азаматтың Қарағанды облысының әкімі Бауыржан Әбдішевке төмендегідей өтініші бар екен.


Оның мал шаруашылығымен айналысқы келеді. Бұл істе қолғабыс беретін туыстарының басым көпшілігі ауылдық жере тұрады. Осыдан бірнеше жыл бұрын олар жеке шаруа қожалығын құрған. Осыған орай өңір басшысына келесі сұрақтарға жауап беруді өтініпті: « Мал шаруашылығымен айналысақ, субцидия бойынша қандай жеңілдіктер бар? Несие бойынша жеңіліктер бар ма? Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына салықтан жеңілдіктер бар ма? Қазіргі уақытта қандай мемлекеттік бағдарлама шеңберінде мал шаруашылығымен айналысуға болады? Асыл тұқымды сиыр малын, койды қайдан, қалай алуға болады?»

Өңір басшысы Алдабергенге былай деп жауап қайтарыпты: Мемлекет тарапынан мал шаруашылығын дамытуды қолдауға үлкен көмек көрсетілуде. Мал басын және өнімін көбейту мақсатында бірнеше бағдарламаның түрлеріне субсидия беріліп жатыр, атап айтсақ: 088 «Мал шаруашылығы өнімдерінің сапасын және өнімділігін арттыру» (республикалық бюджет), онда сиыр, шошқа, қой, жылқы еттерін, қымыз, құс еті, жұмыртқа және сүтті субсидиялау қарастырылған және 083 «Асыл тұқымды мал шаруашылығын мемлекеттік қолдау» (республикалық және облыстық бюджет), ол бағдарламамен ірі қара мал басын, қой, шошқа, жылқы ұстауды және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне ірі және құнарлы азықты дайындауға кететін шығындарды өтеу, асылдандыру жұмыстарды жүргізуге және асыл тұқымды аталық бұқаларды жеке шаруашылықтарға табынды жаңарту жұмыстарға субсидияландыру қарастырылған.Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 мамырдағы «Мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыру» №625 қаулысының(088 бағдарламасы) талаптары мен нормативтеріне сәйкес, сиыр басының саны 400 бас, қой аналығының басының саны 600 бас, жылқы басының саны 75 бастан төмен болмауы қажет.

2) Жоғарыда атап өткендей мал шаруашылығына бүгінгі таңда көп көңіл бөлінуде. 2011 жылы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «КазАгро» ҰБХ АҚ бірлесіп «ірі қара малдың экспорттық әлеуетін дамыту» жобасының аясында «Сыбаға» бағдарламасы әзірленген болатын. Аталмыш бағдарламаның негізгі мақсаты - ұсақ және орта шаруа қожалықтарды ірілендіру. Яғни, бағдарлама арқылы ірі қара малдың аналығын несиеге алу, 7 жылға дейін 6 пайыздың жылдық ставкасы. Облыс бойынша осы бағдарламамен «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ және «Аграрлық несие Корпорациясы» АҚ филиалдары айналысады.

3) Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына, оның ішінде шаруа қожалықтарға салықтан жеңілдіктер бар. Жер телімін төленетін салықтардың оңай жолдары және ауыл шаруашылығына қажет техникалар бойынша көрсетіледі.

4) Бүгінгі таңда ірі қара мал шаруашылығына көп назар аударылып жатыр. Ауыл шаруашылығы министрлігімен сүтті бағыттағы мал шаруашылығы және қой шаруашылығын дамыту бойынша арнайы жобалар дайындалып, 2013 жылы жүзеге асырылатыны жоспарланып отыр.

5) «КазАгро» ҰБХ АҚ-ң еншілес серіктестігі «КазАгроМаркетинг» АҚ –ң ресми сайтында www.kam.kz республиканың барлық өңірлерінің асыл тұқымды ірі қара малдардың сатылуы жөнінде ақпарат орналасқан.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!