Әмбебап полицейлердің пайдасы неде?

Фотография - Әмбебап полицейлердің пайдасы неде?

Елімізде бірнеше уақыттан бері «әмбебап» полицейлерді тәжірибеден өткізу жұмыстары жүргізіліп келді. Ол қандай нәтиже берді? Тәртіп сақшыларының мұндай түрі біздің қоғамға тиімді ме? Осындай сауалдармен павлодарлық тұрғын Ілияс Айсин облыс әкімі Ерлан Арынның блог-тұғырнамасына хат жазды.

189 0

«Павлодар облысында осынау тәжірибе сәуір айында аяқталатыны айтылған болатын. Нәтижесі жария түрде айтылмағаннан кейін және әмбебап полицейлердің облыс орталығында әліге дейін жүргендігін ескере келе бұл тәжірибенің айналымға енетінін сезіп отырмыз. Ал, бұл жоба қандай пайдасын тигізді? Құқық қорғау органдарындағы жемқорлық артып кетеді деп ойламайсыздар ма?» дейді хат иесі.

Ерлан Арын болса патрульдік полиция мен жол полициясын біріктіру тәжірибесі жаман нәтиже бермегендігін айтып отыр.

«Екі құрылымды біріктіру елдімекендегі қауіпсіздікті күшейтуге бағытталған. Тәжірибе 1 жыл көлемінде Павлодар облысы мен Тараз қаласында жүргізілді. Нәтижесі өте жақсы. Қалалалардағы қылмыс заң бұзушылықтар азайып, көшелердегі жол апаттарының саны кеміген. Біріктіру нәтижесінде ең бастысы кадрлардың көптігіне және жедел әреке етуге қол жетті» дейді облыс әкімі өз жааубында. Дегенмен, тәжірибенің нақты айналымға енгізу туралы нақты шешім айту әлі де ертерек.

Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!