Тұрғындар өз күшімен құбыр тарта алмай отыр

Фотография - Тұрғындар өз күшімен құбыр тарта алмай отыр

Көкшетау қаласы «Бірлік» шағын ауданы Ботаническая көшесі тұрғындарының жартысының үйіне су тартылған да, су құбыры жартысының үйіне жетпей қалған. Осыған орай Ақмола облысының әкімі Қосман Айтмұхаметовтың блогына Бүркіт Қасенұлы жұрттың атынан шағым жолдаған.

245 0

Көкшетау қаласы «Бірлік» шағын ауданы Ботаническая көшесі тұрғындарының жартысының үйіне су тартылған да, су құбыры жартысының үйіне жетпей қалған. Осыған орай Ақмола облысының әкімі Қосман Айтмұхаметовтың блогына Бүркіт Қасенұлы жұрттың атынан шағым жолдаған.


Оның осы Ботаническая көшесінде тұрып жатқанына бірнеше жыл болды. Ботаническая көшесінің Дружба көшесіне дейінгі бас жағы – жиырма бес үйге су тартылған. Ал Дружба көшесінің қиылысынан Ботаническая көшесінің қалған үйлеріне су тартылмаған. Соның салдарынан суды Дружба көшесіндегі колонкадан тасып ішеді. Колонка қыста кей күндері қатып, су болмай қалады. Машинасы барлар қаладан тасып ішеді. «Сіздерден сұрайтынымыз, Дружба көшесінен бастап Ботаническая көшесі бойымен орталықтан әр үйімізге су тартқызып беруге көмектессеңіздер екен. Өткен жылы осы мәселемен әкімдіктерге өтініш-хат жазғанымызбен, «Сіздерге су тартуға қалалық бюджеттен қаражат бөлінбеген» деген жауап алдық. Ал, енді, міне 2013 жылдың 5 айы өтті. Әкімдіктегілер бұл мәселені биыл да ойламаған сияқты. Шағынаудандарға үй салуға жерге рұқсат бергенде, инфрақұрылымдармен қамтамасыз ету мәселесін неге ойламаған?»,– депті Бүркіт Қасенұлы.

Тұрғындардың өздері ақша жинап, құбыр тартқызу үшін әр үйден 150-200 мың теңге керек. Ондай қаражат әркімде жоқ. Сондықтан осы мәселені әкімдіктер арқылы шешуге көмектессе деген тілектерін айтыпты. Егер су құбырын тарту жазда жүргізілмесе, тұрғындарды алдағы қыста тағы да қиыншылық күтіп тұрғанын еске сала кеткен.

Өңір басшысы өз жауабында «Бірлік» шағын ауданының тұрғын үй құрылыстарын сумен жабдықтау орталықтандырылған су құбырынан жүргізілетінін айтады.СНиП нормаларына сәйкес су тарату колонкасының қызмет көрсету радиусы 100 метр құрайды екен. «Сіздің тұрғын үйіңіз Дружба көшесі 21-үйдің жанында орнатылған колонкадан 100 метр қашықтықта орналасқан, орталықтандырылған су құбырына қосу үшін пайдаланушы ұйым - «Көкшетау су арнасы» ШЖҚ МКК-дан техникалық шарттарын (қосу нүктесін) алуыңыз керек»,– депті әкім жауабының соңында.


Тегтер:

ауыл

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!