Ертістің үстінен тағы бір көпір салынады

Фотография - Ертістің үстінен тағы бір көпір салынады

Келер жылы Ертіс өзенінің үстінен тағы бір көпірдің құрылысы басталады. Бұл жайында Павлодар облысының әкімі Ерлан Арын өзінің блог-тұғырнамасында мәлімдеді.

189 0

Келер жылы Ертіс өзенінің үстінен тағы бір көпірдің құрылысы басталады. Бұл жайында Павлодар облысының әкімі Ерлан Арын өзінің блог-тұғырнамасында мәлімдеді.

Бұдан бұрын өңір басшысына Николай Кожахметов есімді жергілікті тұрғын хат жазып, Павлодар мен Ақсу қалаларының арасына салынатын көпірдің қашан аяқталатынын сұраған болатын.

«Жергілікті басылым беттерінде екі қаланың арасын қосатын көпірдің құрылысы басталып кетті деген ақпараттар болды. Бұл қаншалықты шындыққа жанасады? Құрылысы басталмаған болса оның уақыты қашан және нақты қай жерден түседі?» дейді жергілікті тұрғын.

Ерлан Арын болса бұл мәселенің көтерілгеніне бірнеше жыл болғандығын және құрылыс жұмыстары енді басталатындығын мәлімдеген.

«Павлодар мен Ақсу қалаларын біріктіретін жаңа көпір Ертіс өзенінің үстінен салынады. Жалпы, бұл мәселе 2009 жылы көтеріліп, бүгінгі таңда республикалық инфрақұрылымды дамыту бағдарламасына еніп отыр. Биыл көлік жолына негізделген осынау көпірдің техникалық-қаржылық негіздемесі әзірленді. Ал, 2014 жылы құрылыс жұмыстары басталады. Нысанның жалпы құны 55 миллиард теңгеге бағаланып отыр» дейді Ерлан Мұхтарұлы.

Ақсу қаласы – Павлодар облысында Павлодар қаласынан оңтүстікке қарай 50 шақырымда Ертістің сол жағалауындағы орналасқан. Қала мен оның ауыл өңірінің аумағы солтүстігінде Ақтоғай ауданымен, оңтүстігінде Баянауыл, Май, Лебяжі аудандарымен, бастысында — Павлодармен, шығысында — Екібастұз қаласымен шектеседі. Халқының саны — шамамен 70 мың адам.


Тегтер:

Семей

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!