БҚО-да «Үздік емделуші» анықталды

Фотография - БҚО-да «Үздік емделуші» анықталды

БҚО денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен Орал қалалық №4 емхана базасында «Үздік емделуші» республикалық байқауының ІІ туры мәреге жетті

179 0

БҚО денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен Орал қалалық №4 емхана базасында «Үздік емделуші» республикалық байқауының ІІ туры мәреге жетті.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, І тур бастапқы медициналық-санитарлық жәрдем деңгейінде 326 учаскені қамтыған болатын. Бұл ретте емделушінің өз денсаулығы үшін жауапкершілігі, барлық тексеруден, зерттеуден уақтылы өтуі, емді мезгілінде алуы, зиянды әдеттерден аулақ болуы есепке алынды.

Екінші турға барлығы 15 пациент қатысты. Оның қорытындысы бойынша Галина Щудро (№4 қалалық емхана) - бірінші, Әлия Достанова (Бөрлі аудандық ауруханасы) - екінші, Ирина Бисенова (№4 қалалық емхана) үшінші орынды еншіледі.

Облыстық байқау жеңімпазы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы республикалық денсаулықты дамыту орталығы өткізетін үшінші, қорытынды турға қатысады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!