Депутат министрден су сұрады

Фотография - Депутат министрден су сұрады

Жамбыл облысы Жуалы аудандық мәслихатының депутаты Керімқұл Бегалиев ҚР ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековке хат жазып, одан егінді суаруға қол ұшын созуды сұрап отыр.

276 0

Жамбыл облысы Жуалы аудандық мәслихатының депутаты Керімқұл Бегалиев ҚР ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековке хат жазып, одан егінді суаруға қол ұшын созуды сұрап отыр.

«1960-1964 жылдар аралығында Алатаудан осы елдімекеннің жерлерін суландыру үшін тұрғындар жұмыла кірісіп, "Көк-сай" каналын салды. Әрине, бұл каналға өкіметтен миллиондаған сом қаржы жұмсалды. Ал, 1959 жылы осы елдімекендер Кеңес үкіметінің үкімімен әскерилендірілген "Бурненский-Октябрьск" совхоздарын құрды. Осы каналмен 2,5-3,0 м3 шамасында су келетін, 1500 гектардай жерге әр-түрлі дақылдар, әсіресе картоп егіліп керемет мол өнім алынатын. Әр маусым сайын бұл аталған каналға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізіп отыратын. Одақ тарағаннан кейін біраз уақыт қараусыз қалып, кейіннен аудандық "Ақсай" су шаруашылығының қарамағына берілді. Бұл су шаруашылығы жыл сайын ағымдағы жөндеу жұмыстарымен айналысып келді. Канал дәл қазіргі уақытта көршілес Қырғыз Республикасының жерін екі жерден кесіп өтеді. Өкінішке қарай, суғару науқаны басталса көрші ел тарапы каналды бекітіп тастайды. Бекітпеген күннің өзінде өте көп мөлшерде пайдаланып, біздің тарапқа судың аз ғана бөлігі келеді. Қолымыздан түк келмей отыр. Себебі, екі ел аралығында шекара бөлініп, сым тартылған» дейді халық қалаулысы.

Оның айтуынша, Көксай каналы қазіргі уақытта 1641 гектар жерді суландырады екен. 2012 жылы аталған су арнасы бойына картоп, сәбіз тағы басқа да дақылдар егіліп, дихандар картоптан 5-6 тоннадан, 2-3 диқан ғана 15-20 тоннадан картоп алған көрінеді.

«Биылғы жылы да осы проблема қайталанбас үшін мәселені өз қолыңызға алуыңызды сұраймыз» дейді депутатпен бәрге хат жазған шаруа қожалықтарының басшылары. Министр тарапынан әлі жауап түскен жоқ.


Тегтер:

ауыл

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!