Қырғызстандағы қазақтар елге оралғысы келеді

Фотография - Қырғызстандағы қазақтар елге оралғысы келеді

 Қырғызстанда қазақтар көптеп тұрып жатыр. Қандастарымыз Алатау бөктеріндегі айыр қалпақты ағайындардың еліне әр қилы уақыттарда қоныс аударған. Оның ішінде 1927-1933 жылдар аралығындағы алмағайып замандарда кеткендер көп. Тіпті қырғыздың арасына сіңіп, тамыр жайып, 3-4 ұрпақ алмастырып үлгергендері де бар.

248 0

Жалпы, сырттағы қазақтың ауызбіршілігі күшті. Оған көзіміз талай жетіп жүр. Қырғызстандағы қандастарымыз да солай. Өзара ішкі ынтымағы жарасқан, татулығы күшті. Қырғыз Республикасындағы Қазақ диаспорасы қоғамы төрағасының орынбасары Серік Тұрабайұлы Қарағанды облысының әкімі Бауыржан Әбдішевтың блогына хат жазып, Арқа төсіне қоныс аударып келуге ниетті екенін білдіріпті. «Мен 40-тан астым. Қырғызстанда біздің әулеттің төртінші буыны ұрпақ ауыстырып отыр. Балаларым аптасына 5 күн қырғыз тілін оқиды. Біз Атамекенге оралғымыз келеді. Арамызда білікті жастар көп. Бірақ, бізді бірқатар факторлар тежеп отыр. Осыған байланысты өзіңізбен көзбе-көз кездесіп, осы жайттарды шешіп алсақ деп едік»,– дейді Серік Тұрабайұлы.

Қарағанды облысының әкімі Б.Әбдішев Қырғыздағы қандастарға үшбү сәлемін жолдап, сырттағы қандастардың елге оралу тәртібін түсіндіріп, қандай құжаттар жинау керектігін тәптіштеп тізіп көрсетіпті.

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!