14 жасында қаланың құрметті азаматы атанды

Фотография - 14 жасында қаланың құрметті азаматы атанды

№8 Н. Островский атындағы орта мектептің оқушысы Мадияр Мамырбеков Талдықорған қаласының ең жас құрметті азаматы болып танылды

214 0

14 жасар жеткіншек Талдықорған қаласының құрметті азаматы атанды,

деп хабарлайды BNews.kz қалалық әкімшілікке сілтеме жасап.

«№8 Н. Островский атындағы орта мектептің оқушысы Мадияр Мамырбеков Талдықорған қаласының ең жас құрметті азаматы болып танылды. 14 жасар жеткіншек биыл көктемде Қаратал өзеніне суға кеткен Бекарыс пен Бейбарысты құтқарып қалған болатын»,-деді қалалық әкімшілік өкілдері.

Мұндай бастаманы қала әкімі Ермек Алпысов көтеріпті. Ол соңғы қоңырау салтанатында ерлік қимыл көрсеткен оқушыға наградасын табыс етті.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!