Шымкент 22 жаңа автобуспен толықты

Фотография - Шымкент 22 жаңа автобуспен толықты

Әл Фараби алаңында қаз қатар сап құрған су жаңа автобустар көздің жауын алады

178 0

Әл Фараби алаңында қаз қатар сап құрған су жаңа автобустар көздің жауын алады. № 26 бағыттқа шығатын автобустардың бірі Оңғарбек Оралбековке берілді.

Тәжірибелі жүргізуші көліктің мүмкіндіктерін тексеруде. Тежеуіш, қозғалтқыш, өзге де құрылғылардың жұмысы оның көңілінен шықты.

Оңғарбек Оралбеков, жүргізуші: «Жүргізуші отыратын оры өте ыңғайлы, құрылығылар да қол жететін қолайлы жерде орналастырылған. Салонның іші де кең, 31 отыратын орын , жалпы 80 жолаушыны тасымалдауға болады».

«Man-Оңтүстік» компаниясының басшылығы бұл автобустарды қытайдан сатып алған. Мекеме тозығы жеткен қоғамдық көліктердің 30 пайызын жаңалауды жоспарлауда. Бүгінде компаниядағы 58 автобус қаладағы 35,26,3 бағыттарда жолаушыларды тасымалдауда.

Эркин Юлдашев , көлік компаниясының өкілі: «Жаңа автобустарды лизингке 17 пайызға алдық. 5 жылдан кейін қайтаруымыз керек. Ол үшін жүйелі жұмыс істеуіміз керек».

Қалалық әкімдік көлік паркінің 30 пайызын жаңалауын талап етуде. 2013 жылға 156 дана автобус сатып алу жоспарланса, бүгінде оның 67-і бүгінде бағытта жұмыс істеуде. Былтыр көлік компаниялары 88 автобус сатып алған еді.

Рауан Жұмаділов, қалалық әкімдігінің өкілі: «Шымкентте 34 көлік компаниясы 82 бағыт бойынша жұмыс атқаруда. Күнделікті бағытқа мыңнан астам көлік шығады. Көлікпаркін жаңалау жалғасады».

Қала тұрғындарымен мен қонақтары қоғамдық көлікте қызмет көрсету сапасын байқаған шығар. Жол кіресінің 50 теңгеге көтерілгені — көлік компанияларына автобустар жаңалауға мүмкіндік туғызды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!