«Астана таңдауы» байқауының қатысушылары елорда үшін заманға лайық тас жол салуда

Фотография - «Астана таңдауы» байқауының қатысушылары елорда үшін заманға лайық тас жол салуда

Бұған дейін Қорғалжын тас жолы қатарынан екі автокөлік әрең сиятын өте тар жол еді. Қазір бұл жерде ауқымды құрылыс жұмыстары жанданып, болашақта елордадағы бүгінгі заман талабына сай келетін алты жолақты жол салынуда. Жұмыстың басталғанына екі жыл болды. Таң атқаннан күн батқанға дейін жол телімінде қарқынды еңбек көрігі қызып, экскаватор мен КамАЗ-дар, асфаль төсейтін машиналар бір тыным таппайды. Құрылысшы-жолшылар жол жиектерін реттеп, шамдар қондыруда, бетон жабындарын тегістеуде

191 0

Бұған дейін Қорғалжын тас жолы қатарынан екі автокөлік әрең сиятын өте тар жол еді. Қазір бұл жерде ауқымды құрылыс жұмыстары жанданып, болашақта елордадағы бүгінгі заман талабына сай келетін алты жолақты жол салынуда. Жұмыстың басталғанына екі жыл болды. Таң атқаннан күн батқанға дейін жол телімінде қарқынды еңбек көрігі қызып, экскаватор мен КамАЗ-дар, асфаль төсейтін машиналар бір тыным таппайды. Құрылысшы-жолшылар жол жиектерін реттеп, шамдар қондыруда, бетон жабындарын тегістеуде.

Бұл тас жол алдағы уақытта елордадағы көлік тасқыны жүктемесін азайтып, елорда аумағына кіретін тұрғын ауылдардың инфрақұрылымдары дамуына, тұтастай алған Астанадағы жол сапасынының жақсаруына мүмкіндік туғызады. Осы қыруар жұмыстардың басы-қасында құрылысшы-жолшылар жүр. Еліміздің бас қаласы әкімінің бастамасымен өткізіліп отырған «Астана - Таңдауы» қалалық байқауына ұсынылуға олардың қай-қайсы да әбден лайық.

Қазіргі таңда «Жолшы» аталымына 15 өтініш келіп түскен. Олардың арасында жас жолшылар және біраз жыл еңбек еткен мамандар да бар. Бұлар - асфальт төсейтін машинистер, топырақты тегістеуіш машина жүргізушілері, жол төсеу машиналарының

машинистері, асфальт төсеу операторлары, жүк көлігінің жүргізушілері және басқалар. Олардың барлығы да өз мамандықтарының үздігі атануға және қала тұрғындарының құрметі мен ықыласына бөленуге әбден лайықты.

«Астана- Таңдауы» конкурсы бірнеше аталымдар бойынша өткізілуде. Ең бастысы олардың барлығы да қоғамға қажетті мамандықтар- дәрігерлер, мұғалімдер, энергетиктар, құрылысшылар, учаскелік инспекторлар, қоғамдық көлік жүргізушілері және жолшылар.

«Астана- Таңдауы» байқауы астаналықтардың еңбегін паш етіп ғана қоймай, жас мамандарға үлгі көрсетуді және сол мамандықтың абыройын асқақтатуға зор мүмкіндік береді.

«Астана Таңдауы» байқауының қаһарманын олардың жанқиярлық еңбегі мен кәсіби шеберлігіне көз жеткізген кез келген астаналық таңдай алады. Сауалнама-өтінім қабылдау 2013 жылдың 10 маусымына дейін жалғасады. Үзіктерді елорда тұрғындары Астана қаласының әкімдігі сайтында 10-нан 30 маусымға дейін дауыс беру арқылы таңдайды.


Тегтер:

астана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!