Астанадағы суда құтқару қызметі шомылу науқанына әзір

Фотография - Астанадағы суда құтқару қызметі шомылу науқанына әзір

Бұл туралы бүгін Астана қаласының Төтенде жағдайлар департаменті суда құтқару қызметінің құрамдарын қарау шарасы барысында аталған қызметтің бастығы Георгий Саврук мәлім етті

223 0

Астанадағы суда құтқару қызметі алдағы шомылу науқанына даяр.

Бұл туралы бүгін Астана қаласының Төтенде жағдайлар департаменті суда құтқару қызметінің құрамдарын қарау шарасы барысында аталған қызметтің бастығы Георгий Саврук мәлім етті.

Осыған орай бүгін Астана қаласының суда құтқару қызметінің мамандары өз дайындықтарын паш етті. Сүңгуір мамандардың қатысуымен қолдан жасалған манекен құтқарылып, оған алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Суда құтқару қызметінің бастығы Георгий Савруктың айтуынша, Есіл өзенінің стансасы адамды құтқаруға қажетті барлық құралдармен жабдықталған. «Әлбетте, бас кезінде қиындау болды. Соның салдарынан 1999-2000 жылдары біршама адам өлімі де орын алды. Қазір болса, бізде «Ямаха», «Меркур» маркалы моторлар, «Гладиус» сериялы катерлер, сондай-ақ сан алуан қайықтар бар. Ал сүңгуірлердің киімі 40-60 метр тереңдікке дейін түсуге мүмкіндік береді», - дейді Г.Саврук.

Айта кетейік, бүгінде Есіл өзенінің шомылу аймағында судың тереңдігі - 3-5 метр, ал «Рамстор» сауда үй тұсында 6 метрге дейін жетеді.   


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!