ШҚО-да аусыл салдарынан малы жойылған фермерлерге шығын төленеді

Фотография - ШҚО-да аусыл салдарынан малы жойылған фермерлерге шығын төленеді

Үржар ауданының Ақшоқы ауылдық округінде 9-15 мамыр аралығында 47 үйден 200-ге тарта малдың аусылға шалдыққаны анықталған болатын. Бүгінгі күні көзі жойылған мал саны 1373-ке ежтті. Барлық шаруа ғимараттары зарарсыздандырылып, елді мекенге кіреберісте пост қойылды

254 0

Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігі  Шығыс Қазақстан облысында аусыл ауруы салдарынан малы жойылғандар фермерлерге  шығынды төлеп береді деп хабарлайды облыстық  ақпараттық орталықтың баспасөз қызметі.


Үржар ауданының Ақшоқы ауылдық округінде 9-15 мамыр аралығында 47 үйден 200-ге тарта малдың аусылға шалдыққаны анықталған болатын. Бүгінгі күні көзі жойылған мал саны 1373-ке ежтті. Барлық шаруа ғимараттары зарарсыздандырылып, елді мекенге кіреберісте пост қойылды.


Мамыр айының 30-ында ауданға ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева барып қайтты.


« Мұнда аумақтық инспекцияның, мал дәрігерлерінің еш кінәсі жоқ. Бәрі сапасыз вакцинадан болып отыр. Өйткені, ауданда бұған дейін екі рет вакциналау жұмыстары жүргізілген екен. Ал енді бұдан әрі бұл мәселе шешілетін болды. Өйткені бүгіннен бастап жаңа вакцина енгізіле бастады. Жаңа вакцинаға байланысты барлық сертификаттар алынған. Ол сіздерге жақын арада жіберіледі», - деді Г.Исаева мал дәрігерлерінің қатысуымен өткен кездесуде.


« Бүгінгі күні жойылған малдың құжаттары рәсімделіп, нарықтағы құны анықталып, Үржар ауданы бойынша толыққанды нарық бағасымен қайтарылып берілуде. Екі банктен есепшоттар ашылды. Кеше 39 мал иесіне 323 мал басына 38 млн 425 теңге қаражаттары түсті. Басқа 400 бастың құжаттары келді, олардың да ақшасы түсу керек болатын. Қалған көзі жойылған малдың құжаттары әзірленіп, жіберілсе, біз барлық малдың басына төлеп береміз»,-дейді вице-министр.


Бір жақсысы, аудан басшысы Бауыржан Жанақовтың айтуына қарағанда, аусыл ауруының соңғы 5-6 күнде жаңа ошақтары тіркелген жоқ екен.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!