Қарағандыда балалар үйінің бұрынғы 17 тәрбиеленушісі баспаналы болды

Фотография - Қарағандыда балалар үйінің бұрынғы 17 тәрбиеленушісі баспаналы болды

1 маусымда облыс әкімі Бауыржан Әбдішев салтанатты жағдайда өңірдегі балалар үйінде тәрбиеленген 17 адамға абаттандырылған пәтерлердің кілтін табыс етті

182 0

Халықаралық балаларды қорғау күнінде Қарағандыда балалар үйінің бұрынғы 17 тәрбиленушісі баспаналы болды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.

«1 маусымда облыс әкімі Бауыржан Әбдішев салтанатты жағдайда өңірдегі балалар үйінде тәрбиеленген 17 адамға абаттандырылған пәтерлердің кілтін табыс етті. Олардың барлығы да білім алып, өмірден өз орындарын тапқан. Ендігі уақытта олар баспана мәселесін де шешті», - делінген хабарламада.

Әкімдік ақпаратына сәйкес, Қарағандының 19 шағын ауданындағы бұрынғы емхана ғимаратын жаңартуға және пәтерлерді абаттандыруға 114 млн. теңге бөлінген.

Қарағанды облысында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларды баспанамен қамтамасыз етудің 2011-2013 жылдарға арналған кешенді жоспары іске қосылған. «Аталған жоспар іске асырыла бастаған екі жылдың ішінде бұл санатқа жататын 159 азамат баспаналы болды, ал ағымдағы жылы тағы 118 пәтер бөлу жоспарлануда», - делінген хабарламада.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!